фото:ашықдереккөз
Биыл елімізде Жошы ұлысының 800 жылдығына орай ауқымды шаралар ұйымдастырылғалы отыр. Ел басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен тарихи тұлғаның өмірі мен билік құрған тұсындағы ерліктерін жан-жақты зерттелмек. Алты ғасырдан астам уақыт бойы билік құрған Жошы хан қазақ халқы мен тарихы үшін маңызды. Қазақстанның беделді тарихшылары мен шығыстанушылары, сонымен қатар сарапшылар мен археологтар зерттеу жұмыстан белсенді жүргіізіп жатыр. Жыл басынан бері бұл тақырып аясында арнайы конференциялар мен шаралар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Басты мақсаттардың бірі – Жошы ұлысына арналған көлемді, сапалы еңбек жазу. Бүгінге дейін отандық ғалымдар Жошы ұлысына арнап 2 кітап жазып шығарды. Ал келешекте Алтын Орда тақырыбына арналған энциклопедия жарық көрмек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ұлытау облысына барғанда қазақ хандарына арналған аллеяның ашылу салтанатына қатысты. Халқымыздың бай мұрасын насихаттайтын мұндай жобалардың санын көбейту керек деп мәлімдеді. Ел басшысының тарих ақтаңдақтарының орны мен бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін насихаттауға берген тапсырмасы біртіндеп орындалып келеді. Онымен қоса мемлекет басшысы Шыңғыс хан тұлғасын Моңғолияның халықаралық туризмді дамытуға тиімді пайдаланғанын айтты. Ал қазақ жерінде мазары жатқан Жошыны әлем жұрты біле бермейді екен. Сол себепті халықаралық туризмді дамытумен қатар тарихи орындарды сақтап қалу да басты назарда. Алдағы уақытта е көлемінде ғана емес, ғаламдық деңгейде Жошы ханның есімін ұлықтауға ерекше көңіл бөлінбек. Ұлытауды этнографиялық туризмнің орталығына айналдыруға, мәдени туризмді дамытуға баса назар аударылмақ.
Жошы есімін зерттеу, оны ұлықтау, ұрпақ жадына құю тарихтың міндеті. Бұл саланы дамыту үшін де мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Былтыр Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан «Жошы орталығы» құрылды. Тарихшылар алып империяның тарихы мен хандары жайлы жүйелі зерттеулер жүргізуді қолға алды. Өйткені, тарихи орындардың маңыздылығы мен шежіресін зерттеу арқылы еңбектер жазуға, қазақстан тарихына қосуды, сонымен бірге шет елден келген туристерге таныстыру аса маңызды. Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толуына орай, ауқымды шараларыдң өткізілуі тек ел деңгейінде емес, халықаралық маңызда да ерекше рөл атқармақ.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz