«Ұлттық экономика министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге барынша қысқа мерзімде (инвесторларды) қолдау шараларының тиімділігіне кешенді талдау жүргізіп, оларды жақсарту жөнінде нақты ұсыныстар енгізсін. Сыртқы істер министрлігі мен Цифрландыру министрлігі тез арада Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны толыққанды іске қосуды қамтамасыз етсін. Онда преференциялардың барлық түрлерін шоғырландыру керек. Бұл платформаның мақсаты әкімшілік рәсімдерді жеделдету және инвесторлар үшін кедергілерді азайту болуға тиіс», – деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар Олжас Бектенов Сыртқы істер министрлігіне «Kazakh Invest» компаниясымен бірге шетелдік инвестицияларды тарту жөнінде нақты жоспар әзірлеуді және онда перспективалы елдерді, трансұлттық корпорацияларды, салаларды және басқа да критерийлерді көрсетуді тапсырды
«Бәйтерек» холдингі инвестициялық жобаларды қоса қаржыландырудың қосымша көздерін тарту жұмысын күшейтсін. Бақылау және үйлестіру өз құзыреттері бойынша орынбасарларыма жүктеледі», – деді Премьер-Министр.