Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Барлық білім беру ұйымдарында ұлттық күй бір мезетте ойнайды

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Наурыз мейрамына арналған республикалық челлендж 20 наурызда сағат 12:00-де өтеді. Шара өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтары мен патриоттық сезімдерді қалыптастыруға, елдің мәдени мұрасын жалғастыруға, балалар арасында домбырада ойнауды насихаттауға бағытталған.

Домбырашылар челленджінің мақсаты – балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкадағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны дәріптеу. Шараға барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Бұл челлендж былтыр алғаш рет өтті. Домбыраның күмбірлеген үні бір уақытта барлық білім беру ұйымдарында ойнады. Бұл – еліміздің мәдени өмірі үшін елеулі оқиға. Шаралар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткізіледі, – дейді тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Айта кетсек, биыл Наурыз мейрамы еліміздің барлық жалпы білім беретін мектебінде 14-23 наурыз аралығында өтеді. Осы күндері тақырыптық челлендждер, жалпыұлттық экологиялық акция және ұлттық ойындардан түрлі жарыстар ұйымдастырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Жалған диплом алмақ болған Семей тұрғыны 600 мың теңгесінен айрылып қалған

admin_altyalash

Асхат Хасенов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарады

admin_altyalash

Үкімет бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді

admin_altyalash