Бүгін – Амал мерекесі: Кім кімге көрісу керек – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Бүгін – Амал мерекесі: Кім кімге көрісу керек

14.03.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Алматы әкімдігі

 – Бүгін – наурызнаманың бастауы болып есептелетін Амал мерекесі. Kazinform Амал күнінде кім кімге барып көрісуі керек екені туралы мәлімет ұсынады.

Елімізде Ұлыс мерекесін жаңа форматта тойлау үшін 14-23 наурыз күндері Наурызнама онкүндігі деп жарияланды. Осы Наурызнаманың алғашқы күні батыс өңірлерде сақталып қалған, жылдан-жылға аясы кеңейіп келе жатқан Амал күніне дөп келді.

Амал күні неге дәл 14 наурызда тойланады? Бұл сұраққа маңғыстаулық өлкетанушы Алқажан Еділханның берген жауабы қисынды сияқты.

«Жалпы Амал мерекесін кезіндегі ел көсемдері қазақ жазирасында бытырай қоныстанған халықтың ынтымағын сетінетпей, бірлігін мызғытпай ұстап түру үшін айналымға енгізсе керек. Алыс-жақын ағайын бір-бірінің амандығын біліп, бір-біріне қарайласып тұру үшін көрісу ғұрпы пайда болған. Осы істің басындағы тұлғалар көрісетін күн қай мезгіл болу керек деген мәселеге келгенде көктемнің басы, жер-әлем қайта түлеген шақ болу керек деп шешкенге ұқсайды. Ескіше жыл санауда көктемнің басы ай жаңарған кезге сәйкес келеді. Кейін Ресей патшалығының қарамағында болған кезде Грегориан күнтізбесін қабылдадық. Ол күнтізбе бойынша көктем туып, ай жаңаратын күн 14 наурызға дөп келді. Амал мерекесінің қазір 14 наурызда тойланатыны содан», – дейді этнограф.

Өлкетанушы Амал мерекесіндегі көрісу рәсімінің атауы республиканың кейбір өңірлерінде кісі өлімімен байланысты ғұрыпты еске салатынын исламның тыйымдарымен байланыстырады.

«Қазақтың өлген адамды дауыстап жоқтауы исламға дейін қалыптасқан ғұрып болып есептеледі. Ислам келген соң бұл ғұрыпқа шектеу, қысым болды. Жоқтау ұғымының көрісу деп аталып кетуі осымен байланысты болса керек», – дейді ғалым.

Сонымен Амал күнінде кім кімге көрісу керек?

«Жасы кіші жасы үлкенге барып көріседі. Келін өзінен үлкен абысынға, енесіне барып көріседі. Жиен нағашысына барып көріседі. Қыз алған құда өзінен жасы кіші болса да көбінесе қыз берген құдасына барып көріскен. Ұзатылған қыздың жат жұрттағы бірінші наурызына төркін жағы барып көріседі. Көршімен көрісу міндетті. Күні кеше ғана бірге мал қораласаң да, жыл жаңарған күні көрісуің міндет. Себебі жаңа күн туды, наурыз туды.

Амал мерекесін айналымға енгізген көсемдер күніне бір рет амандасуды, жылына бір рет көрісуді аманаттап кеткен. Міндетті түрде қол алысу керек. Қос қолдап амандасқанның жөні тіптен ерек. Аналарымыз алмакезек қол айқастырып, төс қағысып жататыныны әлі күнге дейін көз алдымызда. Ол көрініс айдындағы аққулардың қауышқанындай әсерлі», – дейді Алқажан Еділхан.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мектеп оқушылары еш кедергісіз насыбай атып жүр – депутат

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Амал: Маңғыстаудағы Отпан тауда «Бірлік оты» жағылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.