Астанада түрлі этнос өкілдері Көрісу күні мерекесін атап өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанада түрлі этнос өкілдері Көрісу күні мерекесін атап өтті

14.03.2024
0
Астанада түрлі этнос өкілдері Көрісу күні мерекесін атап өтті

фото:дереккөз

Астанада Достық үйінде Аналар және Ақсақалдар кеңестері, «Ассамблея жастары» РҚБ филиалы жастары және түрлі этнос өкілдері көрісу күнін атап өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Достық үйінде өткен мерекелік шарада Ассамблея мүшелері Амал күнінде жасалатын рәсімді көрсетті. Көрісе келген қонақтар бір-бірімен амандасып, өз өнерлерін көрсетті, жүрекжарды жылы лебіздерін білдіріп, ас-дәмдерін ұсынды.

Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының және Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, «Ырыскелді Қажы» мешітінің имамы Яхия қажы Исмаилов та қатысып, өз жылы лебізін білдірді.

«Бүгін біз еліміздің батыс аймағына берік орныққан Амал күнін тойлап жатырмыз. Бұл дәстүрді жыл сайын халық күтеді. Көктем келісімен қуанышты күндер басталады. Атап айтқанда, алдымен Амал күнінен басталып ары қарай Наурызды тойлаймыз. Еліміз Тәуелсіздік алғалы ұлттық мейрамдар жаңара бастағаны қуантады. Көрісу күнінде біреуге реніші бар адамдар өкпесін ұмытып, ренжіскен адамына кіріп көріседі. Осылайша, арадағы суық қарым-қатынастың жібі үзіліп, адамдар бір-бірімен қайта табысады. Барша жиналған қауымды Көрісу күнімен құттықтаймын! Айлардың сұлтаны Рамазан айында барлығымыздың ниетіміз қабыл болсын!» – деді Яхия қажы Исмаилов.

Айта кетейік, бүгін елордада Амал мерекесіне орай білім беру ұйымдарында әртүрлі іс-шаралар өтіп жатыр.

Сонымен қатар, Наурыз мейрамын мерекелеу аясында елордада 200-ге жуық іс-шара өтеді. Қала тұрғындары концерттерге, мерекелік бағдарламаларға, көрмелерге, қойылымдарға, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарға және т.б. қатыса алады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Амал: Маңғыстаудағы Отпан тауда «Бірлік оты» жағылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Nauryz-Fest: Алматыда қандай мерекелік іс-шаралар өтеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.