фото:ашықдереккөз
Келер жылы – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. Прездидент Ұлттық құрылтайдың жиынында Ұлы отан соғысы жылдарында ерлігімен көзге түскен азаматтарымыздың рухына құран бағыштап, еске алуды ұсынды. Тарих жылнамасындағы қанды қасап жайлы еңбектер жазу мен фильмдер түсірудің келер ұрпақ тәрбиесі үшін рөлі зор. Жазушы, қан майданда ерлік көрсеткен қазақтың батыры, нар ұлы Бауыржан Момышұлының есімін ұлықтауға еркше көңіл бөлініп келеді. Темірдей тәртіпті ұстанған Бауыржан атамыздың есімі әскерді ғана емес, жас өрендеріміздің ғаныз азамат болуға септігін тигізбек. Бауыржан ұстанған тактика, оның әскери өмірдегі ұстанымдары мен әдебиетке деген қызығушылығы әрбір жас үшін үлгі-өнеге болмақ. Ұлттық бірегейлікті нығайтуменн қатар ел елімін қорғаған батырларымызды насихаттау – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Оны Президент өз сөзінде шегелеп айтты. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин дайындықты бүгіннен бастау керек екенін, мерекені тойлауда елдің қалыс қалмауына көңіл бөлу керек екенін айтты. Өткенді саралап, бүгінді бағамдап, ертеңге үмітпен қарау арқылы қазақ әдебиетіндегі тұлғаларымыздың кітаптарын ел ішінде таратуға ұмтылыс қажет. Осы орайда қан майданда жүріп жаумен алысса да, қағаз бетін түртіп, әдеби шығармалар жазған азаматтарымыз да аз емес. «Қазақстанның қаһарман майдангерлері» жобасы арқылы тәуелсіздік алған жылдардан бері жауынгерлердің ғұмыры туралы 56 томнан астам еңбек жарық көріпті. Оның ішінде майдан шебінде күрескен батыр қыздарымыз жайлы да кітаптар бар.
Мемлекет басшысы көрнекті тұлғалардың атымен бірқатар ордендерді атауды тапсырған еді. Күштік құрылымдар мен әскерге табысталатын «Айбын» орденін түрлі дәреже бойынша батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлы және Рақымжан Қошқарбаевтың есімімен атауды ұсынды. Шын мәнінде, бұл құптарлық жағдай. Бұл бастама арқылы халқымыздың біртуар перзенттеріне деген құрметімізді көрсетіп қана қоймай, Отанға қалтқысыз еңбек етіп жүрген азаматтарға сенім арту деп есептеуге болады. Батырларымыздың атымен орден алған әрбір әскери өзіне артылған үміт пен жүкті абыроймен көтеруге, ел сенімін ақтауға барын салады. Бұл дамыған елдерде қалыптасқан, орныққан жүйе. Ал қазақ халқында артында әдеби-мәдени мұра қалдырған азаматтар да аз емес.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz