Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Мектепке су кірді: Марат Ахметжанов тәулік бойы бақылауды күшейтуді тапсырды

Фото: Ақмола облысының әкімдігі

 – Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов еріген қардың суы жертөлесін басып қалған Көкшетау қаласының Бірлік шағын ауданындағы жалпы білім беретін №22 мектепте барды.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, су мектептің жер төлесіне электр коммуникацияларына арналған саңылаулардан кірген, яғни тығыздағыштардың жоқтығы себеп болған. Тиісті қызметтердің қимылының арқасында су дер кезінде сорылып, сыртқа ағызылды. Мектептің жертөлесіне материалдық залал келген жоқ, қанағаттанарлық жағдайда. Көкшетау қаласының әкімдігі мектеп ауласында және одан тыс аумақтарда су сору жұмыстарын жүргізуде.

Осы ретте, аймақ басшысы су тасқыны жағдайын тәулік бойы бақылауды күшейтуді тапсырды. Сонымен бірге аудандар мен қалалардың әкімдеріне барлық мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандарды тексеріп шығу, сондай-ақ, елді мекендерден қар шығару, су өткізу құрылыстарын, көпірлерді, арықтар мен су арналарын тазарту бойынша белсенді жұмысты жалғастыру қажеттігін еске салды.

Биылғы жылдың 20 наурызынан бастап облыстың жергілікті атқарушы органдарының барлық деңгейлерінде су тасқынына қарсы штабтардың жұмысы ұйымдастырылды. Коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады

admin_altyalash

Шығыс Қазақстан облысына жаңа әкім келді

admin_altyalash

Алматы қаласының халықаралық және аймақтық рөлі қандай болмақ?

admin_altyalash