Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімЖаңалықтар

Қазақстандық студенттер Оңтүстік Кореяда тегін оқи алады

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Тараптар қазақстандық студенттерге шәкіртақы беру туралы Меморандумға қол қойды

Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары аясында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сеул мэрі О Се Хунмен кездесті,

Тараптар қазақстандық студенттерге шәкіртақы беру туралы Меморандумға қол қойды.

Биылдан бастап Сеул қаласының әкімдігі Қазақстан азаматтарына жасанды интеллект, робототехника, биология, финтех/блокчейн сияқты техникалық және инженерлік мамандықтар бойынша магистратурада оқу үшін 5 білім грантын бөледі.

Қазақстандық студенттер Оңтүстік Кореяның төрт жетекші университетінде (Sungkyunkwan University, Kyung Hee University, Hanyang University, University of Seoul) білім ала алады.

Сондай-ақ министр Саясат Нұрбек пен Кенгидо провинциясының білім басқармасының басшысы Им Тэ Хи мырзаның кездесуі өтті.

Кездесу аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Кенгидо провинциясының білім басқармасы арасында педагогикалық жоғары оқу орындарын бітірген қазақстандық түлектерді провинциялық мектептерде орыс тілін оқыту үшін Оңтүстік Кореяға жіберу туралы меморандумға қол қойылды.

Ұқсас жаңалықтар

Жолдағы қауіпсіздікті арттыру — бұл ортақ міндет

admin_altyalash

Тұрғын үй кезегінде 650 мың қазақстандық тұр

admin_altyalash

Орталықтың мақсаты – баланың өмірінің алғашқы кезеңдерінен бастап сау өсуі мен дамуын қамтамасыз ету

admin_altyalash