Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Құлсарыда жоғалған екі адамның мәйіті табылды

фото: Атырау облыстық ТЖД

Бүгін таңғы сағат 11 шамасында Атырау облысының ТЖД қызметкерлері 2 адамның денесін тапты.

Айта кетсек, кеше Жылыой ауданының Құлсары қаласында рұқсат ету құжатынсыз 1974 жылы туған ер адам досымен бірге трактормен су басқан тұрғын үйді тексеруге бара жатқанда, жолдан шығып кетіп, аударылып қалған.

Оларды іздеуге ТЖД жеке құрамынан 3 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.

ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Жол инфрақұрылымын дамыту – тек салалық мәселе емес, өңір экономикасының, тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сапасының негізгі көрсеткіші

admin_altyalash

Пәтерақы төлемейтіндерге «сыйлық» жоқ: сарапшы Конституциядағы меншік құқығын түсіндірді

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

admin_altyalash