Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Ақтөбе облысында 960 отбасы біржолғы төлем алды

фото: Halyq Uni

Ақтөбе облысында 960 отбасы біржолғы төлем алды, деп хабарлады өңір әкімдігі.

Біржолғы әлеуметтік төлем Ақтөбе қаласы және Әйтеке би ауданында 300 мың теңге, ал қалған аудандарда 100 АЕК (369 мың теңге) болып белгіленген.

Бүгінде мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккендерді жан-жақты қолдау, қажетті көмек беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақтөбе өңірінде көлемді жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бірі – қиын жағдайға тап болған отбасына біржолғы әлеуметтік төлем беру.

Облыста 1 272 отбасы бірреттік көмекті алуға өтініш білдірген. Жұмыспен қамту бөлімдері 12 сәуірде 960 отбасыға 313 миллион теңгеден астам сома төледі», – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Елордада Әділбек Ыбырайымұлының жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті

admin_altyalash

Алматыда полиция “Anti-Fraud” республикалық операциясын жүргізіп жатыр

admin_altyalash

Қызылорда облысының табиғи ресурстар басқармасына жаңа басшы тағайындалды

admin_altyalash