Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Жайықтың деңгейі 9,5 метрге дейін көтерілуі мүмкін – ТЖМ

Фото: Атырау облысы жедел штабы

 – Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш  өңірдегі ахуал күрделі екенін айтты.

«Қазіргі таңда жағдай күрделі. Өйткені Жайықтың су деңгейі әлі көтеріліп жатыр. «Қазгидрометтің» баяндауынша, қазіргі деңгейі 8 метр 62 сантиметрге жеткен. Жалпы қауіпті деңгей – 8 метр 50 сантиметр. Яғни, қауіпті деңгейден 12 сантиметр асып отыр», – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның сөзінше, 25-26 сәуір күндері жағдай ушыға түсуі мүмкін.

«Біздің облыс бойынша қауіптің беті әлі де қайтқан жоқ. Су деңгейі әлі де көтеріледі деген болжам бар. Орал қаласының тұсында Жайық деңгейі 25-26 сәуірде 9,5 метрге баруы мүмкін», – деді Нұржан Төлеуіш.

Ұқсас жаңалықтар

Мажар жұртының қарт құрлықта тұғырлы мемлекет болып отырғанына дән ризамыз

admin_altyalash

Полицейлер құмды заңсыз өндірумен айналысқан топты анықтады

admin_altyalash

Бүгінгі ұстаз – болашақтың сәулетшісі

admin_altyalash