Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Түркістан облысында 90 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды

Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция 90 млн теңге берешегі бар жүргізушіні ұстады, 

Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері «Қорғау» бағдарламасының көмегімен өтелмеген қарызы бар Toyota Highlander автокөлігін анықтады. Жедел басқару орталығынан патрульдік полицейлердің планшетіне тасжолдағы борышкердің көлігі бойынша сигнал түсті.

Тексеру кезінде полицейлер Қызылорданың 46 жастағы тұрғынының сот орындаушының қаулысына сәйкес 90 миллион теңгеге жуық берешегі бар екенін анықтады.

Заң талаптарына сәйкес, полицейлер көлікті айыппұл тұрағына қойып, жүргізушіге салынған айыппұлдар мен қарыздарды уақтылы төлеу қажеттігін түсіндірді.

Ұқсас жаңалықтар

Кімдер бақылауға алынады? Мобильді аударым.

admin_altyalash

Павлодар облысында 13 жыл баспана кезегінде тұрғандарға пәтер берілді

admin_altyalash

Ақтөбеде қазақы тазылардың таза қандылығын растайтын құжат рәсімделді

admin_altyalash