Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында рейстер көбейеді

Фото: airastana.com

Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының астаналары арасында әуе қатынасы көбейеді, деп хабарлады Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.

Қазір Азаматтық авиация комитеті Оңтүстік Кореяға рейстерді көбейту үшін жұмыс істеп жатыр. Екі елдің Авиация комитеттерінің арасындағы келіссөздер қорытындысы бойынша уағдаластықтар шеңберінде ақпан және наурыз айларында Алматы мен Сеул қалаларында рейстер жасала бастаса, 15 маусымынан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Астана-Сеул бағыты бойынша екі елдің астаналары арасында әуе қатынасын қайта бастайды.

Рейстерді 166 орынға арналған «Эйрбас-А321LR» ұшағы аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) жасайтын болады.

Әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Ұқсас жаңалықтар

«AMANAT» партиясында банкроттық туралы заңды өзгертуді ұсынды

admin_altyalash

Астанада атқа мінгендер шеруі өтті

admin_altyalash

Транзиттік әлеует Орталық Азия мүддесімен ұштаса ма?

admin_altyalash