Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Қазақстан гимнасшылары Challenger Cup турнирінің күміс жүлдесін алды

Фото: Olympic.kz

Көркем гимнастикадан Португалияның Портиман қаласында өткен Challenger Cup турнирінде Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова күміс жүлдені жеңіп алды.

Эрика Жайлауова доппен өнер көрсетудің финалында 32.400 балл алса, Милана Панфилова шығыршық жаттығуында 33.800 баллға ие болды. Одан кейін ол  лентамен бақ сынап, қола (30.750 ұпай) медаль иегері атанды.

Көпсайыс қорытындысында Парфилова 5, Жайлауова 7-орынды қанағат тұтты. Ал жекелеген жаттығулар бойынша өткен финалда екі спортшымыз да жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Қазақстан командасының үздіктері Елжаңа Таниева мен Айбота Ертайқызы алдағы Әлем кубогы кезеңдеріне дайындалып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды

admin_altyalash

Димаштың Перудегі жанкүйерлері балалар үйіне көмектесті

admin_altyalash

Туризмді дамыту бағыты бойынша Алматыда 1000 км-ден астам тау маршруттары цифрландырылды

admin_altyalash