«Елорда кубогы»: Алмат Әбдуәли Үндістанның атақты боксшысын жеңді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Шілде 12, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Елорда кубогы»: Алмат Әбдуәли Үндістанның атақты боксшысын жеңді

15.05.2024
0
«Елорда кубогы»: Алмат Әбдуәли Үндістанның атақты боксшысын жеңді
Фото: Olympic.kz

Астанада бокстан ересектер арасында басталған «Елорда кубогы» халықаралық турнирінің екінші күні Қазақстан боксшыларының басым бөлігі жеңіске жетті.

Олардың арасында бірінші, екінші және үшінші нөмірлі болып өзара қолғап түйістірген отандастарымыз да бар.

Ерлер арасында Жандос Қыдыралиев Өзбекстанның өкілі Асадбек Раджабовты, Алмат Әбдуәли 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Лондон және Рио Олимпиадасына қатысқан Үндістан боксшысы Шива Тапаны, Айбек Оралбай Нұрлан Сапарбайды тізе бүктірді.

Сол сияқты жастар арасында Азия чемпионы Бахтияр Анарбаев Тәжікстанның өкілін айқын басымдықпен жеңді. Анарбаев ересектер арасындағы алғашқы жарысына қатысты.

Алмас Дүйсенқұл да Қырғызстанның боксшысынан 5:0 есебімен айласын асырды.

Сағындық Тоғамбай мен Қамшыбек Қоңқабаев та екінші жекпе жегінде жеңімпаз атанды.

Ертуған Зейнуллинов пен Бекзат Мақжан қарсыластарына есе жіберді.

Бұған дейін ерлер арасында Кәрім Серкебаев, Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Нұрқанат Райыс, Армат Арманұлы, Аман Қонысбеков, Асланбек Шымбергенов, Дархан Дүйсебай мен Нұрбек Мұрсал да қарсыластарын жеңген болатын.

Әйелдер арасында Әнел Сақыш Дәметкен Келімбетті 5:0 (екеуі де Қазақстан) есебімен жеңсе, Елдана Талипова Үндістанның спортшысын 4:1 есебімен жеңді.

Дина Жоламан Өзбекстанның өкілінен басым түсті.

Өкінішке қарай, Elorda Cup халықаралық турнирінің алғашқы айналымында жастар арасында әлем чемпионы Элина Базарова 2014 жылғы жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы, Париж Олимпиадасының жолдама иегері қытайлық Чанг Юанге 0:5 есебімен, Айдана Забынбекова да үнді боксшысынан 0:5 есебімен жеңілді.

Евгения Графееваның жаттықтырушылары боксшының қабағының жарылуына байланысты жекпе жекті тоқтатты. Жеңіс Марокко спортшысына берілді.

Кеше Айым Жұмабай, Жазира Орақбаева мен Дельфина Әбілхан алғашқы жеңістерін тойлаған болатын.

Анжелика Цойдың жекпе-жекке шықпауына байланысты жеңіс Томирис Мырзақұлға берілді. Сол сияқты, Аяулым Боранбаева рингке көтерілмеген соң Дәметкен Келімбет келесі айналымға шықты.

Бейбіт Қазақбай Өзбекстан өкілінен жеңілді.

Енді бүгін, жарыстың үшінші күні 1/4 финалда әлем чемпионы Сәкен Бибосынов 2022 жылғы 22 жасқа дейінгі Азия чемпионы, Өзбекстанның спортшысы Мухаммадкодир Мамиржоновпен, Махмұд Сабырхан Худойназар Фаизовпен, Асылжан Серікбай Жапонияның чемпионы Кейта Накаямамен, Серік Теміржанов Азия чемпионатының қола жүлдегері, үнді боксшысы Вариндер Синхпен, Асланбек Шымбергенов тағы бір үнді елінің былғары ұолғап иесі Хитеш Хитешпен қолғкап түйістіреді.

Дархан Дүйсебай өзбекстандық Хавасбек Асадуллаевпен,  Өзбекстанның қоныс аударып, қазақстан азаматтығын алған боксшымыз Аман Қонысбеков Жапонияның чемпионы Нобухоро Хиранакамен, Нұрқанат Райыс Өзбекстанның 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Алохон Абдуллаевпен шаршы алаңға шығады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мәжіліс мемлекеттік сатып алу туралы заңды қабылдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жібек Құламбаева Хорватиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.