Сенат Қазақстан мен Қытай арасында азаматтардың құқығын қорғау бағытындағы заңды мақұлдады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Сенат Қазақстан мен Қытай арасында азаматтардың құқығын қорғау бағытындағы заңды мақұлдады

16.05.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Kazinform

— Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан мен Қытай арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.

«Заң арқылы 1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау ескерілген. Хаттамаға 2023 жылғы 17 мамырда Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында қол қойылған. Жалпы, Хаттаманың негізгі мақсаты – екі ел азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын қорғауға бағытталған Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың тәртібін тағы бір мәрте нақтылау. Атап айтқанда, Хаттамамен құқықтық көмек көрсету кезіндегі Тараптардың қарым-қатынас тәртібін анықтайтын шарттың 2-бабына өзгерістер енгізіледі. Өзгерістерге сәйкес, азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінген кезде, Тараптардың орталық мекемелерінің қатары Қазақстан жағынан – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен, Қытай Халық Республикасы тарапынан – мемлекеттің Жоғарғы Халық Сотымен толықтырылады», – деді сенатор Амангелді Толамисов.

Осылайша, Хаттамамен өзара қарым-қатынас жасайтын орталық мекемелер ретінде Қазақстан тарапынан Жоғарғы Сот, Бас прокуратура және Әділет министрлігі айқындалған болса, Қытай жағынан Әділет министрлігі, Жоғарғы Халық прокуратурасы және Жоғарғы Халық Соты белгіленген. Сонымен қатар Хаттамамен шарттың тараптары орталық мекемелері өзгерген жағдайда ол туралы бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда дереу хабардар етуге міндеттеледі.

Шартқа енгізілген өзгерістер екі ел азаматтары мен заңды тұлғаларының жеке және мүліктік құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін тезірек шешуге ықпал етеді.

«Сондай-ақ, азаматтарға құқықтық даулар мен басқа да құқықтық мәселелер туындаған жағдайда қажет құжаттарды рәсімдеу мен басқа да құқықтық көмек алуларына негіз болады. Мысалы, статистикаға тоқталатын болсақ, 2022-23 жылдары аралығында құқықтық көмек көрсету бойынша екі ел арасында 76 өтініш түсіп, сұрау жіберілді. Оның ішінде Қытай тарапынан – 10, Қазақстаннан – 66. Жалпы, бүгінгі таңда Қазақстан алыс және жақын шет мемлекеттерімен азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы 17 халықаралық шартты ратификациялаған. Аталған халықаралық шарттарды іске асыру барысында туындаған қажетті өзгерістер екі жақтың келісімімен осындай хаттамалар арқылы енгізіліп отырады», – деді депутат.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

БҚО әкімі жарыс жеңімпаздары мен ата-аналарды отбасы күнімен құттықтады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Көшпенділер ойынында лайықты өнер көрсетуге тырысамыз – Өзбекстанның спорт министрлігі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.