Өзбекстанда Әйтеке бидің 380 жылдығы тойланды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Өзбекстанда Әйтеке бидің 380 жылдығы тойланды

18.05.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Әлихан Асқар / Kazinform

 – Науаи облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған ауқымды шара үш күнге жалғасты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Атаулы мерекеге жер-жерден жоғары мәртелебі меймандар, шет елдердегі қазақтар мен Әйтеке бидің ұрпақтары жиналды. Алыстан келген қонақтарды жергілікті жұрт зор құрметпен қарсы алды.

Іс-шараға жиналғандар әуелі Нұрата тауы маңындағы кесенеге барып, баба басына зиярат етті, артынша ас берілді.

Өбекстан
Фото: Әлихан Асқар / Kazinform

Аталған аудан қазақ, өзбек және қарақалпақ халықтарының жиі ат ізін салатын мекені. Өйткені, мұнда Әйтеке би мен оның бабасы Сейітқұл әулие жерленген. Қос тарихи тұлғаның зираты екі ел арасын рухани тұрғыда байланыстырып тұрғандай. Себебі тәу етер орынға жыл сайын мыңдаған мейман келеді.

Акрам Мукимов
Фото: Әлихан Асқар / Kazinform

«Біздің облысымыз көп ұлтты. Тамды, Кенимех, Зарафшан, Үшқұдық аудандарында қазақтар тұрады. Сондықтан біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Өткеніміз бен бүгінімізді бағалаймыз. Осы шараға Қазақстан тарапынан мәртебелі меймандар келіп, екі халық арасындағы мәдени-рухани байланыстың тереңде екені дәлелденіп жатыр. Мұның бәрі қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал етеді», – деді Науаи облыстық мәдениет басқармасының басшысы Акрам Мукимов.

Тарихи деректерге сай, Сейітқұл әулие ХVI ғасырда Қазалы өңірінен Нұратаға 40 мың алшын отбасымен қоныс аударған. Кейін осы өлкеден қажылық сапарға аттанып, дін жолына түседі. Ал Әйтеке болса 25 жасында би атанып, ерекше қабілетімен дараланады.

Нажмедин Мұсабаев
Фото: Әлихан Асқар / Kazinform

«Қазақ халқының алтын ғасыры саналатын Тәуке заманында Әз-Тәукені үш жүздің ханы етіп сайлауға үлес қосқан адам. Сол кездің өзінде Әйтеке бабамыз: «Бір ханға, бір пірге, бір әскери қолбасшыға бағыну керек», – деп айтқан. Сонда қазақты алатын жау жоқ деп. Ол пайым қазіргі заманға да сай келеді», – деп бөлісті «Жалаңтөс бахадүр» қорының төрағасы Нажмедин Мұсабаев.

Қазір Науаи облысының әкімдігі мен жергілікті қандастар бабаның зират басын күтіп-баптап отыр. Көктем шыға кешен маңында абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Ал музейдің ғимараты таяуда ғана күрделі жөндеуден өтті.

Еркебаев
Фото: Әлихан Асқар / Kazinform

«Мұның бәрі екі елдің арасындағы достықтың белгісі деп ойлаймыз. Қазақтың өзі рулық емес, ұлттық деңгейге көшіп жатыр», – деп тоқталды «Сейітқұл әулие – Әйтеке би» қоғамдық қорының төрағасы Ербол Еркебаев.

380 жылдыққа 3 мыңнан астам қазақстандық өнерпаз арнайы концерттік бағдарламамен келді. Тұтас қазаққа қадірлі тұлғаның өнегелі өмір жолы халықаралық ақындар айтысында насихатталып, одан кейін Кенимех ауданында көкпар берілді. Онда еліміздің бірқатар аймағынан және Ресей, Германиядан келген қазақтар мен жергілікті қандастардың басы қосылды.

Қоразбаев
Фото: Әлихан Асқар / Kazinform

«Әйтеке би – Қазыбек, Төле аталарымыздың үзеңгілес досы. Қазақтың қамын ойлап, еліміздің бейбітшілігін бекемдеуге атсалысқан тұлға. Тиісінше, Әйтеке би бабамыздың ұрпақтары осы жерде бас қосып, баба рухына тағзым жасап жатырмыз», – деп мәлім етті Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев.

Іс-шараға қатысқан Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Бейбіт Атамқұлов Науаи облысының хокимі Нормат Турсуновпен кездесіп, екі халықтың ортақ тарихы мен қазіргі қазақ-өзбек қатынасын нығайтуға бағытталған игі істерге тоқталды. Бұған қоса ол 380 жылдықты жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан жергілікті әкімдікке алғысын білдірді.

Науаи облыстық туризм басқармасының мәліметінше, Әйтеке бидің кесенесіне жыл сайын 7-8 мың адам зиярат етеді. Ал биыл оның қатары еселеп артып отыр.

Айта кетейік, 2008 жылға дейін Әйтеке бидің қайда жерленгені беймәлім болып келген еді. Кейін жергілікті халықтан сұрастыра келе, Нұрата ауданында баба зираты анықталып, зерттеу жұмыстары жүргізілген. Артынша, яғни 2009 жылы ұрпақтары, белгілі саяси қайраткерлер және жергілікті қазақтардың қолдауымен кесене бой көтерді. Содан кейінгі жылдары кешеннің маңына мешіт, музей, шырақшыға арналған үй-жай салынды. Тиісінше, кешен толық 2012 жылы ашылды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Адамның мәдени өмірін музейсіз елестету мүмкін емес – Аида Балаева

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

73 жасында аңшылардың дүниежүзілік форумына шақырылған құсбегі туралы не білесіз

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.