Азаматтық алатындар қазақ тілін білуге міндетті: министрлік тест дайындайды – Altyalash.kz
Monday, March 23, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Азаматтық алатындар қазақ тілін білуге міндетті: министрлік тест дайындайды

21.05.2024
0
Фото: Kazinform

– ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек министрлік Қазақстан азаматтығын алғысы келетін шетелдіктерге арналған тестілерді даярлауға кірісетінін айтты.

Атап айтқанда, мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, сондай-ақ еліміздің тарихы мен Конституциясының негіздерін білмеген жағдайда, азаматтық берілмейді. Ал тілді білудің тиісті деңгейін Ғылым және жоғары білім министрлігі айқындайды.

Бұл тұрғыда бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында тілшілер министрден аталған тестілер қашан дайын болатынын сұрады.

Өз кезегінде С. Нұрбек көші-қон заңнамасына өзгерістер бекітілгенін еске салды.

«Енді азаматтықты алу үшін тест тапсыру керек. Бұл әлем елдеріндегі қалыпты тәжірибе, яғни АҚШ, Канада, Германия, Түркияда, Ресейде осындай тәртіп бар. Біздегі тестінің үш компоненті болады. Мемлекеттік – қазақ тілін меңгеру, Конституция негіздері мен Қазақстан тарихын білу ескерілген. Қазір арнайы жұмыс тобын құрып жатырмыз. Тиісті ереже мен осы тестілер әзірге дайын емес. Осы тестіні дайындау керек», – деді ведомство басшысы.

Ол бұл жұмыстардың жедел тәртіпте іске асырылатынын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қыста Парламентте көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіруге арналған заң қаралды. Оның аясында енді Қазақстан Республикасының азаматтығын алғысы келетін шетелдіктер қазақ тілін білуге міндетті болады.

Жақында Президент көші-қон және ҚАЖ салаларындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңға қол қойды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Шиелідегі оқушы өлімі: министр облыс әкімінің орынбасарымен жарты сағат сөйлескен

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.