Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Фото: Olympic.kz

Осы күндері ауыр атлетикадан Перудың астанасы Лима қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының өкілі Нұрдос Сабыр бірінші орынды жеңіп алды.

Ол , 89 келіге дейінгі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша 333 (148+185) келіні басынан асырып, үздік атанды.

Күміс медальді Валерик Мовсесян (Армения), қола жүлдені Бекзод Гофиржанов иеленді.

Нұдос Сабыр былтыр әлем чемпионатында екінші орынға ие болған еді.

Бұған дейін Перудегі әлем чемпионатында Ақжол Құрманбек 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль алды

Ұқсас жаңалықтар

Сарайшықтың екінші тынысы ашылады

admin_altyalash

Елорданың өнер қайраткерлері түркістандық балаларға сыйлық жасады

admin_altyalash

Маңғыстаудағы кен орындарда мұнайшылар белсенді дауыс беруде

admin_altyalash