Сенатта туризм және спортты дамытудың келешегі қаралды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сенатта туризм және спортты дамытудың келешегі қаралды

28.05.2024
0
Сенатта туризм және спортты дамытудың келешегі қаралды
 фото сенат
Парламент осы міндеттерді іске асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевпен кездесті. Кездесуге қатысушылар туристік саланы дамыту, спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, спортшыларды алдағы Олимпиада ойындарына дайындау, сондай-ақ ойын бизнесінің жарнамасы мен насихаттауға жауапкершілікті күшейту мәселелерін талқылады.

Парламентші туризмді дамытуға Сенат депутаттары ерекше назар аударып отырғанын атап өтті. Еліміздің тарихи бай мұрасы, ұлттық ерекшелігі мен көрікті табиғаты шетелдік туристердің көптеп келуіне тартуға серпін бере алады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туризмді дамыту мәселесіне ұдайы назар аударып отырады және серпінді жобаларды іске асыру қажеттігін атап өткен болатын. Алайда, бұл салада әлі де елеулі нәтижеге жете алған жоқпыз, сондықтан кем дегенде 15 ірі жобаның тізімін пысықтау маңызды екені даусыз. Ол үшін шетелдік инвесторлар мен отандық бизнесті де тарту қажет. Сенаторлар экономиканы нығайту мен еліміздің дамуына осы міндеттердің маңызы зор деп санайды және Үкіметті осы бағытта кешенді түрде жұмыс жүргізуге шақырады. Қажет болған жағдайда Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындауға бағытталған ауқымды шараларды көздейтін тиісті құжаттарды әзірлеу керек. Парламент осы міндеттерді іске асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын», – деді Нұртөре Жүсіп.

Ермек Маржықпаев өз кезегінде министрліктің ағымдағы қызметі, спортшыларды халықаралық жарыстарға дайындау мен туризм, спорт және ойын бизнесі саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары туралы айтты.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы келесі айналымға шықты

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.