Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалға шықты

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға соңғы іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының өкілі  Мұхамедсабыр Базарбайұлы 63,5 кг салмаққа дейінгі дәрежеде үшінші рет шаршы алаңға шығып, қарсыласын жеңді.

Ол италиялық Джанлуиджи Малангадан айласын асырып, ширек финалға шықты. Бұл жекпе-жек аса тартысты және қызықты болды. Қазақ боксшысы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, ол Олимпиада квотасына бір қадам жақындады.

Айта кететін нәрсе, Қазақстан ерлер командасында бір салмақта Олимпиада жолдамасы жоқ.

Енді ұлттық құраманың өкілі 31 мамырда ¼ финалда Эрисланди Альвареспен (Куба) кездеседі. Бұл салмақта Олимпиаданың 5 жолдамасы сарапқа салынады.

Ұқсас жаңалықтар

СЫР ЕЛІНДЕ ДАҢҚТЫ ҚОЛБАСШЫ ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮРДІҢ 450 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

admin_altyalash

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі

admin_altyalash

Елімізде тұмауға қарсы екпе салу басталады

admin_altyalash