Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Жібек Құламбаева Италиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Теннисші Жібек Құламбаева Италияның Бари қаласында жұптық сында өтіп жатқан WTA125 челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.

Ол португалиялық Франчиска Хорхемен бірге ширек финалда аргентиналық Надя Подороска мен румыниялық Ирина Барэні жеңді.

Теннисшілер қарсыластарынан 7:5, 6:3 есебімен басым түсті.

Енді Құламбаева мен Хорхе финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, отандасымыз Анна Данилина мен ресейлік Ирина Хромачёва немесе франциялық Эстелль Кашино мен грузиялық Натела Дзаламидзе жұптарының жеңімпаздарымен ойнайды.

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына 1,4 млрд теңге бөлінді

admin_altyalash

Сенаторлар Қытайдың Қазақстандағы Елшісімен кездесті

admin_altyalash

Электрондық апостильді қолдануды дамыту жоспарлануда

admin_altyalash