Кәрім Мәсімов рақымшылық сұрады: заңда не жазылған? – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кәрім Мәсімов рақымшылық сұрады: заңда не жазылған?

10.06.2024
0
Кәрім Мәсімов рақымшылық сұрады: заңда не жазылған?
Фото: Sputnik.kz

Қаңтар оқиғасына дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған Кәрім Мәсімов президенттен басына сауға сұрап отыр. Ол мемлекетке опасыздық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығына айырылған еді.

ҰҚК Informburo.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында Кәрім Мәсімовтің кешірім сұрап өтінішхат жолдағанын айтқан. Сондай-ақ қазір Мәсімовтің ҰҚК тергеу изоляторында отырғаны айтылған.

Осы мекемеден 2024 жылдың наурызында Мәсімов Қазақстан Республикасы президенті атына рақымшылық жасау туралы өтінішхат жолдады, – делінген ақпаратта.

Halyq Uni елімізде қандай қылмыстық істер бойынша рақымшылық берілетінін білді.

Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес, рақымшылық жасау туралы актiнi Парламент жеке-дара айқындалмаған адамдар тобына қатысты шығарады. Ал президент айыптау үкiмi заңды күшiне енген белгiлi бiр жеке-дара айқындалған адамға кешірім бере алады.

Егер жеке өз басына сұрап тұрса, ол рақымшылық емес, кешірім актісі болады. Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi қандай да бір қылмыстар бойынша берілмейді деген ешқандай шектеу жоқ. (Мәсімов) заң бойынша кешірім сұрай алады. Рақымшылық емес, кешірім жасау актісі, яғни басына сауға сұрай алады. Кешірім беру-бермеуді президент шешеді. Рақымшылық жаппай сотталғандарға немесе бір оқиғаға орай беріледі. Оны Парламент заңмен қабылдайды, – дейді заңгер Алмас Жұмағали.

Қылмысы үшiн сотталған адам кешiрiм жасау кезiнде жазаны одан әрi өтеуден босатылуы мүмкiн не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн. Немесе азамат жазаның қосымша түрінен босатылады. Жазасын өтеген немесе оны одан әрі өтеуден босатылған адамдардан кешiрiм жасау актiсiмен сотталғаны алып тасталуы да мүмкiн.

Заңгер Айыпхан Мұхамедиевтің айтуынша, Мәсімовтің немесе кез келген адамның президенттің атына кешірім сұрау туралы өтініш жазуы – оның Конституциялық құқығы.

Конституцияға сәйкес ҚР президентінің кешірім жасау құқығы бар. Сондықтан кез келген қылмыс жасаған адам оның ауырлығына қарамастан, осы құқығын пайдаланып, өзіне кешірім жасау туралы өтінішхат бере алады, – дейді заңгер.

МӘСІМОВ 18 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Кәрім Мәсімов қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал оның орынбасары болған Әнуар Садықұлов қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 16 жылға сотталды. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин қылмыстық кодекстің 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов қылмыстық кодекстің 362-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Олар генерал атағынан және мемлекеттік наградаларынан айырылды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақ тіліндегі контентке сұраныс артып келеді – Мәулен Әшімбаев

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Шахматтан Азия чемпионатында 650-ге жуық жас шахматшы бақ сынайды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.