Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Құрбан айтта астаналықтар автобуста тегін жүре алады

Фото: vlast.kz/Жанара Каримова

Елордада Құрбан айт мейрамында тұрғындар автобуспен тегін жүретін болды, деп хабарлады қалалық әкімдік.

Астана қаласы әкімдігінің шешімімен 16 маусым – Құрбан айт мейрамында қоғамдық көлікте (қалалық және қала маңы бағдарлары) жол жүру тегін болады. Автобустар таңғы сағат 6-да жұмысын бастайды.

16 маусымға қараған түні №201, 202, 203 түнгі бағдарларда да жол жүру тегін болады.

Түнгі бағдарлардың қозғалысын Avtobys мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыдағы лай көшкіні: 17 жастағы егіздер үйінді астында қалған

admin_altyalash

Маңғыстау облыстық ауруханасы жаңа құрылғылармен толықты

admin_altyalash

«Сталин заманынан қалған уақытпен әлі жүрміз»: Қазақстан неге бірыңғай уақыт белдеуіне көшкісі келеді?

admin_altyalash