Нью-Йорктегі цифрлы көрмеде еліміздің ұлттық парктері таныстырылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Нью-Йорктегі цифрлы көрмеде еліміздің ұлттық парктері таныстырылды

13.06.2024
0
Нью-Йорктегі цифрлы көрмеде еліміздің ұлттық парктері таныстырылды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында еліміздің ұлттық саябақтары мен табиғатына ұқыпты қарауға бағытталған жобаларға арналған Winds of Change иммерсивті көрмесі болды.

Көрме Манхэттендегі The Canvas 3.0 галереясы мен дүкенінде Qazaq National Parks қолдауымен ұйымдастырылды.

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуынша, Winds of Change көрмесі – еліміздің ұлттық саябақтарының сұлулығын көрсету ғана емес, сонымен қатар оны жан-жақты насихаттау, болашақ ұрпақ үшін табиғи мұраны сақтап, жаһандық экологиялық өзгерістерге үлес қосу.

Winds of Change көрмесінде америкалықтарға ұлттық табиғи саябақтар бірегей креативті жобалар арқылы таныстырылды.

Көрмеде үш жобаны таныстырдық. Атап айтқанда, «Іле-Алатау тарихы» кітабы туралы айттық. Ол – ұлттық саябақ туралы әңгімелердің жинағы. Кітаптың басты кейіпкерлері – өз өмірін табиғатпен байланыстырған нақты адамдар: ғалымдар, зоологтар, ботаниктер, археологтар, гляциологтар, астрономдар, орманшылар мен аңшылар, альпинистер, туристер мен еріктілер.

Екінші жобамыз – «Адам-Табиғат» жобасы. Бұл – лэнд-арт инсталляциясы, қазіргі адам табиғаттың бір бөлігі болып қала ма деген сұрақты зерттейтін жоба. Қысқартылған, бірақ өте символдық «ТЖ» деген атаумен де белгілі жоба бір кездері Аюсай шатқалында туристер қалдырған қоқыспен таулардың бітелуінің өзекті мәселесін көтереді. «ТЖ» – Алматы тауларындағы Wild Nature Volunteers еріктілердің қоғамдық сенбіліктер кезінде тапқан винтажды қоқыстарға (20-70 жас аралығындағы) арналған көрме.

Үшінші жоба – The ROOTS. Бұл жобада адамның қолындағы нәзік табиғаттың үш бейнесі адам мен табиғат арасындағы үйлесімділіктің маңыздылығы көрсетіледі, – деді ол.

Көрме кураторы Наргиз Магаеваның пікірінше, ұлттық саябақтар – жусанның иісі, шөлді желдің сыбдыры және таулы аңғарлардың гүлденген алқаптары.

Көрмеге келушілер Шарын, Алтын-Емел және Іле-Алатау ұлттық парктеріне арналған Qazaq National Park өнімдерін сатып алды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ұлттық қордан жетіскеннен ақша алып отырған жоқпыз – Сенат төрағасы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Түркістан облысында басшыларды бопсалап жүрген блогерлер ұсталды (ВИДЕО)

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.