Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Министр 5G интернетін енгізу қашан аяқталатынын айтты

фото: trashbox.ru/link

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев елімізде 5G интернетін енгізу қашан аяқталатынын айтты,

5G технологиясын одан әрі дамытуға қатысты Kcell және Tele2 Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында 5G-ді дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырады. Бүгінде 20 қалада 1 144 базалық станция орнатылды. Президенттің тапсырмасына сәйкес, 5G ұялы байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс. 2027 жылдың соңына дейін байланыс операторларының салаға салатын инвестиция көлемі 450 млрд теңгеден асады, – деді Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында.

Сондай-ақ министр мобильді интернетке қосылмаған ауылдар барын жеткізді.

Бүгінде 1 424 ауыл мобильді интернетке қол жеткізе алмай отыр. Ұялы байланыс операторларын ынталандыру үшін министрлік жаңа Салық кодексіне радиожиілік спектріне салықтық жеңілдіктерді ұзартуды және төлем мөлшерлемесін өзгертуді ұсынды. Осылайша, байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелерінде 1 076 ауылды интернетпен қамтамасыз ету көзделді, – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) президенті Йохан Элиашты қабылдады

admin_altyalash

78 млрд теңге бюджетті игере алмаған министрліктер аталды

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуына орай видео үндеу жолдады

admin_altyalash