Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Тараз металлургия зауытында трансформатордан өрт шықты

Фото: видеодан алынған кадр

 — Өрт сөндірушілер металлургия зауытындағы отқа оранған трансформаторды сөндірді.

Бүгін түнде Тараз қаласындағы металлургия зауытының аумағында жоғары вольтты трансформатор жанды.

Өрт сөндіру жұмысын трансформатордың багындағы 60 тонна май қиындатты.

Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында тілсіз жау жақын маңдағы трансформаторлар мен зауыт ғимаратына таралмады.

Жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыды.

ТЖМ күш-құралдары отты сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Италияда өткен робототехника бойынша әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

admin_altyalash

Қарағандыда «Ән керуен» дәстүрлі қазақ музыкасының концерті өтеді

admin_altyalash

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні

admin_altyalash