Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Бокстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға кезекті дайындығын бастады

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға кезекті дайындығын бастады.

Елдос Сайдалин жаттықтыратын құрама команда Алматы облысындағы Жанашыр ауылында жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Бұл жерде дайындық кезеңі 2 шілдеге дейін болады. Ал Олимпиада қарсаңындағы соңғы жиын да дәл осы базада ұйымдастырылады.

Қазақстан әйелдер командасы Олимпиялық ойындарға 3 лицензияны жеңіп алды. Бокстан лицензия басқа спорт түрлері сияқты құраманың басқа спортшысына таңдап берілмейді. Ол атаулы жолдама саналады. Яғни, жарыста лицензияны жеңіп алған боксшының өзіне ғана беріледі.

Биылғы Олимпиадаға жолдамаға Назым Қызайбай (50 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) мен Валентина Хальзова (75 келі) ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

admin_altyalash

Қостанай облысының білім саласындағы жаңа тәсілдер

admin_altyalash

Қазақстанның ұлттық спорт университеті проректоры Александр Нефтисов жаңа подкастта: «Спорт — бұл математика емес, мұнда ойлану керек» деп мәлімдеді

admin_altyalash