Зейнетақы жинағын пайдалануды тоқтату: Тамара Дүйсенова салымшыларға жағдайды түсіндірді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Тамыз 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Зейнетақы жинағын пайдалануды тоқтату: Тамара Дүйсенова салымшыларға жағдайды түсіндірді

26.06.2024
0
Зейнетақы жинағын пайдалануды тоқтату: Тамара Дүйсенова салымшыларға жағдайды түсіндірді
көрнекі фото: Halyq Uni

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалануды тоқтату мәселесіне түсінік берді,

«Иә, сарапшылар мен қаржыгерлер, экономистерден зейнетақы қорындағы артық ақшаны мерзімінен бұрын шешіп алуды тоқтату керек деген ұсыныстар түсіп жатыр. Себебі, ондағы қаржы кіріс болып саналады және оны адам зейнетке шыққанда алады….», – деді Тамара Дүйсенова Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Вице-премьер бұл тек ұсыныс екенін, мәселе әлі қаралатынын жеткізді.

Бұл мәселе қаралып, талқыға салынады. Мұнда зейнетақы жинағындағы қаржысын ерте шешіп алғысы келетін азаматтар мен зейнеткерлердің мүддесі ескеріледі. Қазір біз бұл мәселені талқылаймыз. Қайталап айтайын, бұл әзірге тек ұсыныс. Ұсыныс бізге түсті. Уәкілетті орган жұмыс тобын құрды. Менің ойымша, 2-3 айда мәселе қаралады. Жылдың соңында тек ұсыныстар болады, – деп вице-премьер.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндігі тоқтатылуы мүмкін екенін айтты.

Еске салайық, 2021 жылдың қаңтарында Қазақстандағы салымшыларға зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге жұмсауға, сондай-ақ жеке инвестициялық компаниялардың басқаруына беру мақсатында пайдалануға құқық берді.

2021 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың шекті мөлшері 2022 жылы шамамен 1,8 есе өсетіні хабарланды. Мәселен, егер 2021 жылы 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, келесі жылдан бастап ол 5 060 000 теңгеге дейін өседі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көпшіліктің пікірін ескеріп, Үкіметке зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалануға қатысты шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Тіл мәселесі өзі-ақ шешіледі». Қазақ тілінің мәртебесін қалай арттырамыз?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Тұмар» – 2024 ұлттық сыйлығының номинанттары жарияланды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.