Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Мерей Мәулітханов грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Мерей Мәулітханов грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
Фото: ҰОК

 –  Күрес түрлерінен Иорданияда өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия біріншілігінде қазақстандық Мерей Мәулітханов чемпион атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Грек-рим күресінен 72 келіде сынға түскен Мерей өз салмағында қарсылас шыдатпай, жеңіске жетті.

Одан бөлек, Диас Әскербай (67 келі), Расул Жүніс (77 келі) және Әмір Төлебаев (82 келі) финалда сүрініп, күмісті қанағат тұтты.

Бақдәулет Азамат (97 келі) пен Асылбек Жәнібекұлының (130 келі) еншісінде қола медаль бар.

Ұқсас жаңалықтар

Бізге сапалы инвестиция қажет екені анық

admin_altyalash

18 жастағы жігіттің жүрегін басқа адамға салып жатыр

admin_altyalash

Түркістан облысы – Қазақстанның мақта өсіретін өңірі

admin_altyalash