Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылады

30.06.2024
0
Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылады
коллаж: Halyq Uni

Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі Қуанышбек Есекеев мәлімдеді,

«Жақында біз Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және Astana Hub әріптестерімен бірге елімізде жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде деректерді өңдеу орталығы мен суперкомпьютер салу жобасы бойынша жұмыс тобының отырысын өткіздік. Бұл платформаның мақсаты – Қазақстан экономикасын дамыту үшін технологияларды тиімді енгізу және AI әлеуетін барынша толық пайдалану. Осы тұжырымдама аясында AI ұлттық орталығын ашу жоспарлануда. Жобаның миссиясы – алдағы жылдары еліміздің AI трансформациясын жүзеге асыру», – деп жазды әлеуметтік желіде Есекеев.

Оның айтуынша, AI-дің ұлттық экономика мен қоғамға интеграциясы – тұрақты дамуды сақтаудың және болашақтың сын-қатерлеріне дайындалудың қажетті шарты болып саналады. Мемлекеттің AI ұлттық орталығын ашу жөніндегі жоспарлары – білім беру, инфрақұрылымды дамыту, венчурлық инвестициялар, сондай-ақ IT шешімдерінің экспортын қолдау саласындағы бірқатар негізгі бастамасын қамтиды. Осы жоба аясында келесі бастамаларды қамтитын жол картасы әзірленді:

  • AI саласындағы негізгі жобалар мен зерттеулерде ынтымақтасу үшін білім беру мекемелерін, зерттеу зертханаларын, стартаптар мен технологиялық мекемелерді біріктіретін AI кампусы;
  • YNOV, 01EduSystem және Tumo мектептерінің озық тәжірибесін ескере отырып әзірленетін оқу бағдарламаларын қолданып, оқушылар мен студенттер арасында AI мамандарын даярлау;
  • Оқу курстары, шеберлік сабақтары және желілік іс-шаралар арқылы AI қауымдастығын дамытуға үлес қосатын P2P академиясын ашу.

«Бұл бастамалар Қазақстанда инновациялық дамуға, білім мен оқыту деңгейін арттыруға, сондай-ақ жаһандық AI индустриясындағы еліміздің позициясын нығайтуға ықпал ететін тұрақты AI экожүйесін құруға бағытталған», – деп түйіндеді кеңесші.

Face ID, цифрлық кодекс пен жеке деректерді қорғау: Қазақстанда жасанды зиятты заңмен реттеу керек пе? «Басқа адамның кейпіне еніп, дауысын өзгерте алады». Алаяқтықтың жаңа түрі кең тарап жатыр.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Димаш Құдайберген: Мақсатым – қазақ әртістерін әлемге таныту

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА 100 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.