Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Алаяқтар министр Аида Балаеваның атын пайдаланып, елді алдауға көшкен

фото:www.istockphoto.com
Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлауынша, соңғы кездері министр Аида Балаеваның атынан мәдениет қайраткерлеріне түрлі мәселелер бойынша хабарламалар түсуі жиілеп кеткен.
– Егер де осындай хабарламалар түссе, ол алаяқтардың ісі екенін мәлімдейміз. Аида Балаева мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламаларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс арналары арқылы жібермейді, – делінген мәліметте.

Сонымен қатар, министрлік абай болуды, хатты елемеуге, оған жауап бермеуді сұрайды. Тиісінше, алаяқтық фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға кеңес береді.

Ұқсас жаңалықтар

Ел тұтастығын айқындайтын тарихи шешім

admin_altyalash

Жедел жәрдем қызметінің пациентке жететін уақытын қайта қарауды ұсынды

admin_altyalash

ЖАСТАР ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН

admin_altyalash