Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

ШЫҰ қатысушы елдер қалдықтарды тиімді басқару саласында мәлімдеме жасайды

Фото: akorda.kz

 – ШЫҰ саммиті аясында қатысушы елдер экология саласында екі келісімге қол қойды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты.

Ерлан Нысанбаев
Фото: кадр видеодан алынды

Оның сөзінше, бірінші құжат – қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы.

«Екінші құжат – ШЫҰ қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің қалдықтарды тиімді басқару саласындағы мәлімдемесі. Бұл жерде қазіргі уақытта барлық елдерде қалдықтар мәселесі өте өзекті болып отырғанын түсіну керек. Сондықтан бүгін осы уағдаластықтар шеңберінде біз – ШЫҰ елдері осы проблемаларды бірлесіп зерттеп, тәжірибе алмасатын боламыз. Бүгінде барлық дерлік елдер қалдықтарды тиімді басқарады, олардан үйренетін нәрсе көп», – деді Е. Нысанбаев ШЫҰ саммиті кулуарында берген сұхбатында.

Сонымен бірге, Экология министрі ерекше қорғалатын аумақтар саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде баяндады.

«Қазір біз табиғаттың қандай орасан жүктемелерге ұшырағанын көріп отырмыз. Мұнда ерекше қорғалатын аумақтарды құру және ШЫҰ елдерінің осы мәселе бойынша өзара іс-қимылы өте маңызды. Бұл биоалуандықты сақтау мәселесіне де қатысты», – деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығы шеңберінде 2024 жыл ұйымның Экология жылы болып жарияланған болатын.

ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин Kazinform агенттігіне берген сұхбатында Ұйымға мүше мемлекеттердің экологиялық ынтымақтастығы, оның келешегі мен қазіргі жобалары туралы айтып берді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Әзербайжан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

admin_altyalash

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

admin_altyalash

Жыл басынан бері мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

admin_altyalash