Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет

Елордада кітап фестивалі өтті

фото: Астана әкімдігі

Астана әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 50 жылдығы және қала күнін мерекелеу аясында Жазушылар аллеясында Kitaphana Fest кітап фестивалі өтті,

Мәдени-ағарту іс-шарасы 2019 жылдан бері өткізіліп келеді әрі қалалық ауқымдағы алғашқы кітап фестивалі болып саналады, деп мәлімдеді елорда әкімдігі.

Фестиваль 6 жыл ішінде жазушылардың Астана тұрғындарымен кездесуіне арналған танымал орындардың біріне айналды. Фестиваль өткен жылдары белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 30-дан астам кітап таныстырылды. Іс-шараның мақсаты – қала тұрғындарының, оның ішінде балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, – деді орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының орынбасары Гүлмира Әбілғазина.

Фестиваль барысында балалар жазушылары Зәуре Төрехан, Татьяна Никитина, ақындар Серікбол Хасан, Әкім Ысқақ және тағы басқа авторлармен кездесу өтті. Балалар үшін белгілі шығармалардың кейіпкерлерін білуге арналған викториналар, шығармашылық шеберханалар өткізілді.

Ұқсас жаңалықтар

20 жастағы құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

admin_altyalash

Кәдірбек Сегізбайұлы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Барға шалқаймайтын, жоққа еңкеймейтін ұрпақпыз

admin_altyalash

Сенат төрағасы: Жастар «Елдіктің жеті тұғырын» ту етуі керек

admin_altyalash