Аида Балаева танымал қазақстандық орындаушылардың заңсыз әрекеттері туралы айтты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Қыркүйек 10, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Аида Балаева танымал қазақстандық орындаушылардың заңсыз әрекеттері туралы айтты

08.07.2024
0
Аида Балаева танымал қазақстандық орындаушылардың заңсыз әрекеттері туралы айтты
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

 – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева еліміздегі белгілі мәдениет қайраткерлерінің ұсталуына қатысты кейінгі оқиғаларға қатты алаңдаушылық білдірді.

Министр әлеуметтік желідегі жазбасында заңды және қоғам алдындағы мәдени жауапкершілікті құрметтеудің маңыздылығын атап өтті.

– Құрметті достар! Қоғамды қарыштап өсіретін де, тұқыртып өшіретін де – мәдениет. Мәдениет тек өнер мен білім, озат талғам мен тазалык емес. Бұл, ең алдымен, адамның ішкі руханияты, халықтың өркениеттік болмысы. Ендеше, сол мәдениеттің туын көтеріп, өнердің тасын өрге домалатып жүрген әрбір майталман – елге үлгі, қоғамға бағдар болуы шарт. Өкінішке қарай, кейінгі кезде мәдениет саласындағы белгілі азаматтарға қатысты жағымсыз оқиғалар, кейде тіпті заңсыз әрекеттер жиілеп кетті. Әрине, жеке-дара адам ретінде, қарапайым азамат ретінде кімге болса да пендешілік тән қасиет. Адам болған соң қателесуің мүмкін, бірақ оның арты заңды аттауға бармауы тиіс. Өзін нағыз «мәдениет қайраткерімін» дейтін жан үшін танымалдық заңсыздыққа жол беретін құдырет емес. Олар қашанда ұлт мәдениеті дамуының қозғаушы күші саналады. Сондықтан олардың көпке ықпалы тек өнеге, насихат, жақсылыққа арқау болуы керек, деп жазды Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында.

Министр мәдениет қайраткерлерінің қоғам алдындағы, әсіресе өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілігін түсінуі керектігін еске салды.

– Мәдениет қайраткерлері Заң мен Ұрпақ алдындағы осынау үлкен жауапкершілігін түсінуі керек. Бұл мемлекет басшысының барша қазақстандықтардан талап етіп отырған бірегей үндеуі. Лауазымына, танымалдылығына, қоғамдағы орнына қарамастан, заң бәріне ортақ. Ал, мемлекет осы қағиданың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ететін болады. Сөз жоқ, Ұлы Абайдан бері келе жатқан қоғамдағы надандықпен күрестің алдыңғы шебінде мәдениет майталмандары жүруі тиіс. Осы орайда мен баршамызды осыны ұмытпауға шақырамын. Біз құқықтық тәртіп пен өзара құрметке негізделген әрі мәдени құндылықтарымызды қастер тұтатын қоғамды бірге құра аламыз. Және бұл біздің болашағымыздың берік негізі бола алады деп сенемін, – деді А. Балаева.

Осыған дейін көліктегі Полиция департаменті Қайрат Нұртастың үстінен «Алматы-Астана» әуе рейсінде ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалғанын хабарлаған еді.

Астана қаласының әкімшілік істер бойынша мамандандырылған соты танымал әншінің ісін онлайн қарады және сол жерде Қайрат Нұртас мәлімдеме жасады.

Кейін соттың қаулысымен Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынды.

Сондай-ақ белгілі қазақстандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа тәртіп сақшысының заңды талаптарына бағынбағаны үшін Алматы облыстық сотының шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ҚЫТАЙ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОЙ, СИЫР, ШОШҚА ЕТІН ИМПОРТТАУҒА МҮДДЕЛІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Астанада этникалық сән апталығы өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.