Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

«Сарыарқа» хоккей клубы мемлекетке қайтарылды

Фото: olympic.kz

Қарағанды облысында «Сарыарқа» хоккей клубын мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы облыс прокуратурасы хабарлады.

Сондай-ақ прокуратура заңсыз берілген 37 жер телімін қайтарған. Ал мемлекетке өткен хоккей клубының құны 900 млн теңгеге бағаланған.

Қазір прокурорлар мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің заңдылығын тексеріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз берілген жер телімдері мемлекетке қайтарылды. Өңірде кәсіпкерлер 10,2 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұзақ уақыт бойы негізгі мақсаты бойынша пайдаланбаған. Жер учаскелері мемлекет меншігіне өтті.

Сондай-ақ Қызылжар ауданында заңсыз берілген 47 гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект саласында білікті кадрларды даярлау және зерттеулер жүргізу қажет.

admin_altyalash

Желтоқсаннан бастап өзгерістердің негізгі бөлігі енгізіледі

admin_altyalash

Көкшетаулық тұрғын суық қаруды заңсыз сақтағаны үшін сотталды

admin_altyalash