Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғамЭкономика

Ет сапасын енді QR-код арқылы тексеруге болады

Фото: gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Етті ветеринариялық-санитариялық сараптау» модулін әзірледі. Ол ауыл шаруашылығы жануарларын тексеріссіз союға жол бермей, алдымен ветеринариялық тексеруді және союдан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптаманы өткізіп береді,

Жүйе малды сою және ішкі сауда орындарында ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткеннен кейін сараптама актісін берудің бизнес-процестерін автоматтандырады. Сондай-ақ жануардың толық өмірлік циклі туралы ақпараты бар QR-кодты қалыптастырады.

Бұл QR ет сату орындарында орналастырылады. Ол малды ветеринарлық тексерусіз және ұшалар мен ағзаларды сараптамасыз союдың алдын алуға мүмкіндік береді, – деп жазылған министрлік хабарламасында.

Министрлік мәліметінше, жоба іске қосылып, барлық облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істеп жатыр. Оған 1 664 мал сою орны, ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханалары, сауда орындары қосылған. Жүйеде 1 470-тен астам ветеринар, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының қызметкері және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар тіркелген.

QR-код арқылы қазірдің өзінде 117 мыңнан астам ветеринариялық анықтама бланкісі мен 438 мың сараптама қорытындысы шығарылған.

Жүйе Ресеймен шекаралас Шарбақты ветеринарлық бақылау пунктінде сынақтан сәтті өткен.

Ұқсас жаңалықтар

ҰБТ-ға тиімді дайындық үшін барлық қажетті жағдайлар жасалып жатыр

admin_altyalash

Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслиханмен кездесті

admin_altyalash

Экологиялық жауапкершілік – жай ғана тренд емес, қазіргі әлемнің қажеттілігі

admin_altyalash