Павлодар облысында қола дәуіріне жататын найзаның ұшы табылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Павлодар облысында қола дәуіріне жататын найзаның ұшы табылды

16.07.2024
0
Павлодар облысында қола дәуіріне жататын найзаның ұшы табылды
фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Марғұлан университетінің археолог студенттері қола дәуіріне жататын найзаның ұшын тапты,

Марғұлан университетінің ғалымдары мен студенттері Май ауданы Ақшиман ауылының маңындағы Көктас-2 археологиялық кешеніне жүргізген экспедиция барысында сирек кездесетін артефактілерді тапты. Солардың ішіндегі ең қызық жәдігер ретінде қоладан жасалған найзаның ұшын айтуға болады. Бұл құнды жәдігерді «Тарих» ББ екінші курс студенті Асылбек Еламан тапты, деп мәлімдеді Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Бұл Павлодар өңірі үшін бірегей олжа. Найзаның ұшы біздің дәуірімізге дейінгі 13-8 ғасырлардың ортасындағы Саргарин-Алексеев мәдениетіне жатады, – деді археологиялық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері Асқар Әбілдин.

Май ауданындағы Көктас археологиялық кешенінде екінші жыл зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл мұнда 3,5 мың жылдық бірегей ғимараттар, мыс кені өндірілген және өңделген шахталар табылды. Бұл аймақта 20-дан астам қорған бар, олардың кейбіреулері сақ кезеңіне жатады. Жерлеу орындарын зерттеу барысында адам сүйектері, жануарлар, керамикадан жасалған ас үй ыдыстарының сынықтары, қоладан жасалған жебелердің ұштары табылды. Енді табылған артефактілер қажетті зертханалық өңдеуден өтеді.

Жалпы, Марғұлан университетінің ғалымдары Павлодар Ертіс өңірінің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және зерделеу бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатыр. Баянауыл ауданында зерттеудің бірінші жылы Торайғыр көліндегі мұртты қорғандарды зерттеуге бағытталған, мұнда ашық аспан астында мұражай құру және айналымға жаңа қызықты тарихи-мәдени көрнекті орын енгізу көзделіп отыр. Павлодар маңында Байдала қорымын зерттеу жалғасуда, онда Қимақ кезеңіне қатысты қызықты жерлеу орындары табылған болатын.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Шетелдік жанкүйерлер Жәнібек Әлімханұлын жазалауды талап етті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Төрткүл дүниеге танымал Modern Talking тобы Шымкентке ұшып келді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.