– Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деген айыппен Талдықорған қалалық білім бөлімінің 21 бухгалтеріне қатысты сот үкімін шығарды.
3 жыл бойы білім бөлімінің бас есепшісі мен оның қарамағындағы бірнеше қызметкер жұмыс істемейтін адамдарға ақша аударып жүрген. Олар ұрланған 4,5 млрд теңгені туыстарының шотына аударып келген.
Сот барысында прокурор айыпталушыларға 8 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот қылмыстық істі ұйымдастырған басты 3 азаматты 12 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырды.
Ал, қалған 15 сотталушы 7 жылдан 11 жылға дейін қамалды.
Сотталғандардың 3 млрд теңгеден астам ақшалай қаражаты мен жылжымайтын мүлкі тәркіленді.
Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысындағы 50 млн теңгені жымқырған спорт мектебінің есепшісі жайлы жазған едік.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.