Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Спортты дамыту дирекциясының басшысы бюджет қаражатын жымқырған

www.istockphoto.com
Олимпиада түрлері бойынша Спортты дамыту дирекциясының бұрынғы басшысы Оралбай Жақсымбетов 60 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлағаны және қарамағындағы қызметкерден 4 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді.
Астана қалалық прокуратурасының мәліметінше, спортшыларға арналған спортзалдарын тегін алу мүмкіндігі бола тұра, оларды жалға алу туралы еншілес тұлғалармен мемлекеттік сатып алу шарттары жасалып, оқу-жаттығу жиындарына бөлінген бюджет қаражаты жымқырылған.

Басшымен бірге бюджет қаражатын ұрлауға көмектескені үшін дирекция қызметкері де сотталды. Мемлекеттік айыптаушы сотқа барлық дәлелдемелерді ұсына отырып, сотталушылардың кінәсіздігі туралы уәждерін жоққа шығарды, –  делінген мәліметте.

Сот үкімімен әрқайсысына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, басшы 5 жылға, ал оның көмекшісі 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Жапониямен стратегиялық серіктестікті дамытуға ерекше мән береді

admin_altyalash

Туризм және спорт министрі Қытай спортшыларын бірге жаттығуға шақырды

admin_altyalash

Елордада Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай кикбоксингтен республикалық турнир өтіп жатыр

admin_altyalash