Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы басты жетістіктерінің бірі өңірлерде білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ететін инновациялық технологияларды енгізу болды. Ведомство оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі бастамаларын қолдай отырып, кадрлық әлеуетті жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Ғылыми зерттеулер саласында экономика мен әлеуметтік саланың инновациялық қозғалысына ықпал ететін қолданбалы ғылыми жобаларды дамытуға көңіл бөлінеді. Ғылым мен технологияның негізгі салаларында білім мен тәжірибе алмасуға ықпал ететін жетекші халықаралық ғылыми орталықтармен және университеттермен белсенді ынтымақтастық жалғасуда, Жоғары білім сапасын жақсартудағы, ғылыми зерттеулерді ынталандыру және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту нәтижелері Primeminister.kz сайты редакциясының шолуында ұсынылған.
Жоғары білім сапасын және ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына өзгерістер енгізілді.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қазіргі уақытта Қазақстанда 120 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Онда 642 588 адам оқиды, мемлекеттік тапсырыс бойынша – 255 685 адам, профессор-оқытушылар құрамы 37,4 мың адамды құрайды.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі артып келеді, 2024 жылы 93 952 грантты (бакалавриат – 77 844, магистратура – 13 189, докторантура – 2 919) қаржыландыру көлемі 228,6 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 300 орындық 3 жатақхана, оның ішінде 2-уі ЖОО үшін, 1-уі колледждер үшін 70 орындық жатақхана пайдалануға берілді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарында 27 969 шетелдік студент оқиды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын және Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары жүргізілуде. Бұл – отандық жоғары білім беру жүйесін дамыту, білім мен халықаралық озық тәжірибені трансферттеу арқылы оның сапасын жақсарту, сондай-ақ шетелдік студенттердің үлесін арттыру. Бүгінгі таңда 19 стратегиялық әріптестік пысықталды, оның ішінде 15-і – шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары. 8 стратегиялық серіктестік жұмыс жүргізуде.
Халықаралық кампустары бар университеттерге, соның ішінде қазақстандық жоғары оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынастарына басты назар аударылды. Өңірлік қажеттіліктер картасы қалыптастырылды.
Төмендегі шетелдік жоғары оқу орындарымен стратегиялық серіктестік дамыды
- Де Монтфорт Қазақстан Университеті (Ұлыбритания)
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасындағы «Ұлттық ядролық зерттеу университеті МИФИ»
- С.Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінің базасында Губкин атындағы Ресей мұнай және газ университеті
- М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті базасындағы Аризона университеті (АҚШ)
- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында Хериот-Уотт университеті
- Шәкәрім университетінің базасында Быдгощ қаласындағы (Польша) Экономика университетінің филиалы
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында инженерлік салада магистрлерді даярлау үшін Солтүстік-Батыс политехникалық университеті
- М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында Д. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы
- Қазақ ұлттық аграрлық ғылыми-зерттеу университетінің базасында «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты»
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында Лотарингии Университеті
- Халықаралық Астана университетінің базасында Бейжің тіл және мәдениет университеті
- Ковентри университеті
- Есенов университеті базасында қазақ-неміс консорциумы шеңберінде Берлин техникалық университеті (ГФР)
- Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің базасында Гонконг қаласы Университеті
QS WUR әлемнің үздік университеттерінің халықаралық рейтингісіне 21 қазақстандық ЖОО кірді, Times Higher Education рейтингінде – 29, 4 ЖОО позицияларға ие болды, оның ішінде Назарбаев Университеті рейтингіне алғаш рет кірді.
ЖОО-лар 245-ке жуық бірлескен білім беру бағдарламалары мен қос дипломды бағдарламаларды іске асыруда. Жыл сайын 200 ғалымды тартуға қаражат бөлінеді. Кадрларды даярлау бағыттарының жаңа жіктеуіші енгізілді. Тізілімге 8 мыңнан астам білім беру бағдарламасы енгізілді, оның 57%-ы жаңартылды.
Цифрлық университеттердің моделі әзірленді және осы жылдан бастап осы модельді Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ 2 ЖОО базасында пилоттық режимде іске қосу жоспарлануда.
Ынтымақтастықты дамыту және оқытудың инновациялық технологияларын қолдану мақсатында Coursera, «Huawei Technologies Kazakhstan» LLP, Binance Kazakhstan сияқты ірі компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, меморандумдарға қол қойылды. Huawei сертификатталған курстарын ұсыну үшін 35 ЖОО базасында Huawei IT Academy құрылды. Binance Kazakhstan қолдауымен 22 ЖОО АКТ факультеттерінің 350-ге жуық оқытушысы блокчейн-технологиялар бойынша оқудан өтті.
Бүгінгі таңда Coursera-ның 102-ге жуық курсы қазақ және орыс тілдеріне аударылды. Онлайн курстар арқылы игерілген кредиттерді студенттерге қайта есептеудің нақты тетігі енгізілді. 2024 жылға 93 жоғары оқу орнынан қазақстандық студенттерге 40 мың лицензия бөлінді.
OpenSearch жобасына ІТ саласындағы студенттерді тарту және салалық деңгейде тәжірибе жинақтау мақсатында ҒЖБМ мен Amazon компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 2024 жылы отандық 15 жоғары оқу орны Google-дың жасанды интеллект курстарын енгізуде. Generative AI курсы аясында жобаға 12 мың студент қатысуда. Абай атындағы ҚазҰПУ және Жұбанов атындағы АӨУ Google for education пилоттық жобасына қатысуда. NVIDIA мәліметтері бойынша DLI жобасына 12 оқу орны қатысуда; 12 сертификатталған амбассадор NVIDIA сертификаттарын алады.
2024 жылы 15 отандық жоғары оқу орны жасанды интеллект бойынша Google курстарын енгізуде. Generative AI курсы аясындағы жобаға 12000 студент қатысады. 2 ЖОО (Абай атын. ҚазҰПУ және Жұбанов атын. АӨУ) Google for education пилоттық жобасына қатысады.
NVIDIA бойынша – 12 ЖОО DLI жобасына қатысады; 12 сертификатталған елші NVIDIA сертификатын алды, 1 оқытушы NVIDIA-дан DLI сертификатына ие болды.
Министрлік 01 EduSystem компаниясымен инновациялық бағдарламалау мектептерін ашу бойынша өзара ынтымақтастық бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл жоба еліміздің 20 өңірлік университетінде іске асырылатын болады. Yessenov University пилоттық жоба болады.
Жоғары оқу орындарында цифрлық экожүйе күшейтілді — барлығы LMS (Platonus, Univer, Moodle және т.б.) платформаларына қосылған. Конкурс өткізу арқылы ректорларды тағайындаудың жаңа жүйесі енгізілді. Ректорлық корпустың 50%-дан астамы жаңартылды. Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының түлектері, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары қатарынан жас басқарушылар тартылды.
Академиялық шеберлік орталықтарын құру бойынша шаралар қабылданды. 15 өңірлік және 5 педагогикалық ЖОО іріктелді. Қазіргі уақытта 6 жоғары оқу орнының өтінімдеріне мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізілуде.
Зерттеу экожүйесін қалыптастыру және серпінді технологияларын дамыту үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-ге зерттеу университеті мәртебесі берілді.
Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-ды дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді, оның базасында инженерлік білім мен ғылымдағы жаңа технологиялардың ғылыми-зерттеу хабы құрылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жезқазған қаласында «Ұлытау техникалық университетін» құру туралы Үкімет қаулысы қабылданды. Сондай-ақ Қонаев қаласында инновациялық орталығы, жаңа заманауи университеті бар академиялық қалашық құру пысықталуда.
Озық кадрлармен қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарының, әкімдіктердің және бизнес-құрылымдардың күш-жігерін стратегиялық шоғырландыруды көздейтін «Мамандығым болашағым» жобасы іске асырылуда. Бүгінгі таңда 5 өңір – Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Ақмола және Жетісу облыстарында форсайт-мектеп өткізілді. Еdunavigator.kz платформасында 338 мектептен 7-9 сыныптағы 27005 оқушыларына кәсіби диагностика жүргізілді. Қазақстанда 50 жоғары оқу орны жоба аясында 440 жаңа білім беру бағдарламасын енгізді.
Студенттің қоғамдық өмірге және волонтерлік қызметке қатысу дәрежесін анықтау үшін үлгерімнің кіріктірілген әлеуметтік орташа балл (Great point average, GPA) енгізілді
Ғылыми зерттеулерді дамыту
Елімізде ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаумен 425 ұйым айналысады, қазақстандық ғылымда 25,5 мың зерттеуші жұмыс істейді.
Ғылымды дамытуға және технологиялық саясатты іске асыруға, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ғылыми жетістіктердің нәтижелерін енгізуге, сондай-ақ ғылыми қызметтің стратегиялық, кәсіптік және әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң қабылданды.
Ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың жалпы бюрократиялық рәсімінсіз орындау үшін қажетті ҒЗИ мен ЖОО сатып алатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты нормаларды көздейтін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға қол қойылды. Сатып алу тәртібі Мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша ҒЖБМ-мен айқындалатын болады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 18%-ға артты. Ғылыми атақтарының болғаны үшін ғылыми қызметкерлерге қосымша ақы мөлшері ұлғайтылды.
- Ғылым кандидаты, философия докторы және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессор (доцент) үшін 25 еселенген АЕК (бұрын – 17 АЕК);
- Ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессор (доцент) үшін 42 еселенген АЕК (бұрын – 34 АЕК);
- Ғылым кандидаты, философия докторы, бейіні бойынша доктор және ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар профессор үшін 50 еселенген АЕК (бұрын – 17 АЕК).
Ұлттық Ғылым академиясының институционалдық рөлі нығайып, ҚР ҰҒА бюджеттік қаржыландыру мәселелері шешілді. Қазақстандық ғылымды дамыту саласында стратегиялық маңызды шешімдер қабылдау үшін ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес құрылды. 250 ғылыми ұйым Web of Science, Scopus және ScienceDirect дерекқорларын пайдаланады.
Биыл 1971 ғылыми жоба, 162 ғылыми-техникалық бағдарлама, 137 коммерцияландыру жобасы іске асырылуда. Жас ғалымдар 727 ғылыми жобаны жүзеге асыруда.
Мәселен, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ғалымдары медицинада, электроникада және шыны өндірісінде кеңінен қолданылатын 99,5% тазалығы бар Селен химиялық элементін өндіру әдісін ойлап тапты. Бүгінгі таңда Қазақстан Селенді килограмына 8 доллардан экспорттайды, өндірудің жаңа әдісінің арқасында бұл элементтің құны 15 есе өсуі мүмкін (1 кг үшін $120-160).
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жас ғалымы Ақбота Қуандықова көкөністердің өнімділігін арттыруға көмектесетін препаратты ойлап тапты. Бұл препарат Ұлттық зияткерлік меншік институтының арнайы патентіне ие болды.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен (ҚХР) бірлесіп агрокомпетенциялар зерттеу орталығын ашу туралы келісімге қол қойды. Хаб жұмысында 3 негізгі бағыт – өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі белгіленді.