фото:baq.kz
Бүгін Париж Олимпиадасында теннистен жекелей сынның жеребе тарту рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама көшбасшысы, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Париждегі доданың 3-номерлі теннисшісі ретінде тіркелді. Ол алғашқы матчта Жаклин Кристианмен (Румыния) кездеседі. Румын атлеті әлем рейтингінде 61-орында тұр. Елена мен Жаклин осыған дейін 2 рет ойнаған. Әзірге таразы басы тең (1-1).
Рыбакинаның 2-кезеңдегі қарсыласы Наоми Осака (Жапония) немесе Анжелика Кербер (Германия) болмақ.
Ал Юлия Путинцева (әлемнің 30-ракеткасы) алғашқы кезеңде украиналық Марта Костюкпен кім мықтыны анықтайды. Бұл екі теннисші арасындағы алғашқы матч болады.
Еске сала кетейік, Токио Олимпиадасында Рыбакина жекелей сында қола медаль үшін ойында жеңіліп, 4-орында қалған.
Жекелей сынның толық жеребесі мынадай: