Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Бағаның күрт өсуі немесе төмендеуі күтілмейді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков үй бағасының қалай құбылатынын сөз етті.

“Бағаның күрт төмендеуі байқалмайды. Өйткені кез келген жағдайда инфляциялық процесс тұрғын үй құнына әсер етеді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй алаңының өсу үрдісі байқалады. Құрылыстың орташа нақты шығындары да шамамен 2-3 пайызға өсті, бірақ мәмілелер саны азайды. Бағаның төмендеуін мәмілелер санының азаюымен байланыстырамыз. Жалпы алғанда, бағаның күрт өсуі немесе төмендеуі күтілмейді”, – деді Бақытжан Жүнісбеков.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайынан қарсы алды

admin_altyalash

Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану нәтижелерімен танысты

admin_altyalash

Өскеменде Қазақстан драма театрларының XXX республикалық фестивалі өтіп жатыр

admin_altyalash