4 тамызда Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардың қай уақытта сайысқа түсетіні белгілі болды.
Ойын кестесі Астана уақытымен берілген.
12:00. Ату. Ерлер. Тапаншадан жылдам ату. 25 метр. Іріктеу.
- Никита Чирюкин
12:30. Стендтік ату. Әйелдер. Скит. Іріктеу (екінші күн).
- Әсем Орынбай
13:05. Жеңіл атлетика. Әйелдер. 3000 м с/п. Бірінші кезең.
- Нора Джеруто, Дэйзи Джепкемей
13:55. Жеңіл атлетика. Әйелдер. 200 метр. Бірінші кезең.
- Ольга Сафронова
14:50. Жеңіл атлетика. Ерлер. 110 м с/б. Бірінші кезең.
- Давид Ефремов
15:52 Бокс. Ерлер. Жартылай финал
- 80 келі. Нұрбек Оралбай – Кристиан Хавьер Пиналес (Доминикан Республикасы)
16:00. Оқу ату. Ерлер. Тапаншадан жылдам ату. 25 метр. Іріктеу (екінші).
- Никита Чирюкин
18:30. Стендтік ату. Әйелдер. Скит. Финал (Іріктеуден сәтті өткен жағдайда)
- Әсем Орынбай
Еске сала кетсек, 3 тамызда қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов «Париж-2024» Олимпиадасының күміс жүлдесін жеңіп алған еді. Бұл – спорт гимнастикасынан Қазақстан тарихындағы алғашқы медаль.