Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімЖаңалықтар

Бұл кадрларды еңбек нарығының талабына сәйкес дайындауға мүмкіндік береді

Жаңа оқу жылында еліміздің колледждерінде мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 145 мың орынға дейін артты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 мың орынға көп,  деп хабарлайды altyalash.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, студенттерді сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 90%-ды құрады.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, мемлекеттік тапсырыстың 65% машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия секілді техникалық мамандықтарға бағытталған. 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 70%-ға, ал мемлекеттік тапсырыс көлемі 100%-ға дейін өседі.Сондай-ақ колледждерге талапкерлерді кәсіпорындардың өтінімдері бойынша жұмысқа орналастыру міндеттемесімен қабылдау жалғасуда. Ол бойынша жыл сайын 10 мың талапкер қабылданады. Бұл кадрларды еңбек нарығының талабына сәйкес дайындауға мүмкіндік береді, – дейді министрлік өкілдері.

Маман даярлаудың маңызды бөлігі – бизнеспен ынтымақтастық құру. Қазіргі уақытта 518 кәсіпорын 410 колледждің түлектерін практикалық даярлауға, жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ете отырып, дуальді оқытуға және шефтік қамқорлық көрсетуге қатысуда.

Бұл шаралардың барлығы жас мамандарды кәсіби дайындауға және еліміздің кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда Дүниежүзілік креатив күні аясында алғаш рет Ұлттық креатив фестивалі өтіп жатыр

admin_altyalash

Қызылордадағы шыны зауыты қалай жұмыс істеп тұр – әкім есебі

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барды

admin_altyalash