Қазақстанның үш облысын байланыстыратын жол ашылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанның үш облысын байланыстыратын жол ашылды

15.08.2024
0
Қазақстанның үш облысын байланыстыратын жол ашылды
Фото: “Қазавтожол” ҰҚ” АҚ баспасөз қызметі

Ұзындығы 81 шақырым болатын «Құрты-Бұрылбайтал» автожолының қайта жаңартудан өткен учаскесінде қозғалыс ашылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бүгін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар «Құрты-Бұрылбайтал» автожолының 2214-2295 шақырымы аралығындағы қайта жаңартудан өткен учаскесінде (Алматы облысы бойынша) жол қозғалысын ресми түрде ашты. Ұзындығы 81 шақырым болатын учаске – «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізінің маңызды бөлігінің бірі.

«Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізі Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарын байланыстырады. Оның халықаралық, облысаралық, жергілікті көлік және жүк тасымалын қамтамасыз етуде маңызы зор. Қайта жаңарту жобасы барысында осы дәлізге қарасты Алматы облысы бойынша 166 шақырым жолды жаңарту жоспарланған. Ұзындығы 81 шақырым болатын «Құрты-Бұрылбайтал» учаскесінің қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Ол Жамбыл және Алматы облысының шекарасынан басталып Қаншеңгел ауылына дейін созылып жатыр.  Қайта жаңартудан өткен автожол І-б техникалық санатына ауыстырылып, екі бағытта төрт жолақты қозғалыспен қамтамасыз етілді. Жобаны іске асыру барысында 3 млн текше метрден астам жер жабыны орналастырылып, 1,5 млн текше метрден аса үш қабатты асфальтбетон төселді. Сондай-ақ, 8 көпір мен 66 суөткізгіш құбыр орнатылды. Автожолдың жаңа учаскесі қауіпсіз жол қозғаласының заманауи талаптарына сай және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін барлық қажетті құрылғылар орнатылған.

Жолдың көлік пайдалану деңгейінің жоғары болуына байланысты қайта жаңартудан өткен төрт жолақты автожолда жүру уақыты айтарлықтай қысқарды. Бұл өз кезегінде Қытай, Ресей мен Орталық Азия елдер арасындағы транзиттік тасымалдың өсуіне әсер етіп, Балқаш көліне қарай туристердің санының артуына септігін тигізбек.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Аймақ басшысы Сенат депутаттарымен кездесті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Олжас Бектенов егін жинау науқанын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды 

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.