Олжас Бектенов Жетісу облысының ауыл шаруашылығы саласы мен өнеркәсіптік әлеуетінің дамуын тексерді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Олжас Бектенов Жетісу облысының ауыл шаруашылығы саласы мен өнеркәсіптік әлеуетінің дамуын тексерді

19.08.2024
0
Олжас Бектенов Жетісу облысының ауыл шаруашылығы саласы мен өнеркәсіптік әлеуетінің дамуын тексерді

фото:Үкімет

Жетісу облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов өңірдің бірқатар кәсіпорнына барып, Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібін дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмаларының іске асырылуын тексерді,– деп хабарлайды altyalash.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Талдықорған қаласында Премьер-Министр ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде жетістіктер көрсеткен «JLC Сүт» сүт өндіру кәсіпорнына барды. Сүт зауыты – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын өңірдегі негізгі кәсіпорындардың бірі.

«JLC Сүт» ЖШС цехының басшысы Әмина Арынбекова кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 25 мың тоннаға жететінін мәлімдеді. Жартыжылдық қорытындысы бойынша 5,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Тәулігіне 80 тоннадан 90 тоннаға дейін сүт өңделеді, 62 өнім түрі шығарылады. Кәсіпорында 240 адам жұмыс істейді.

Мұнда Үкімет басшысына АӨК-тің 2024-2026 жылдарға арналған даму жоспарлары туралы ақпарат берілді. Осы кезеңде жалпы құны 33,2 млрд теңгені құрайтын 31 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген, оның 13 жобасы биыл іске қосылады. Азық-түлік өнімдерінің көлемі 3,6%-ға – 90 млрд теңгеге дейін артады, сондай-ақ ет (110,9 мың тонна), сүт (225,3 мың тонна) және қант (96 мың тонна) өндіру көрсеткіштеріне қол жеткізіледі деп күтілуде.

Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдігінің назарын АӨК-дегі бірқатар міндетке аударды. Жетісу облысы ауыл шаруашылығында қант қызылшасын (ҚР-дағы үлесі – 42%), жүгеріні (18%) және сояны (72%) өндіруге маманданған. Саланы дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес қант қызылшасының алқабын 2026 жылға қарай 15 мың гектарға дейін жеткізу қажет. Әкімдікке тұқым қорын және минералды тыңайтқыштардың жеткілікті көлемін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Суармалы егіншілік саласында суару желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын мерзімінде аяқтау және 2026 жылға қарай су беруді 30,5 мың гектарға жақсарту, сондай-ақ жаңадан 5,3 мың гектар суармалы жерді пайдалануға қосу тапсырылды.

Мал шаруашылығы саласында тұрақты өсу үрдісі байқалады. Осы жылдың басынан бері мал басы 26,3%-ға өсті. Мал шаруашылығын дамыту шеңберінде биыл 1140 мал басына арналған 3 тауарлы-сүт фермасын кеңейту, 1200 басқа арналған 1 тауарлы-сүт фермасын ашу жұмыстары жүргізілуде және 200 мал басына арналған 1 бордақылау алаңын іске қосу жоспарда бар.

«Жетісу облысы аграрлы өңір болып саналады. Үкімет өңірдің АӨК-не қажетті қолдау көрсетіп келеді. Тек биылдың өзінде 34,9 млрд теңге, оның ішінде 23,2 млрд теңге субсидия бөлінді. Жалпы, “Ірі жобалар” және “Ауыл аманаты” бағдарламалары аясында облысқа 9,8 млрд теңге бөлінді. Осы бағдарламалардың іске асырылуын және мал шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу бойынша жаңа кәсіпорындар ашуды қамтамасыз ету қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Премьер-Министр еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу көлемін ұлғайту қажет екенін атап өтті.

Бұған қоса, жұмыс сапары барысында Олжас Бектенов өңірдің ірі өнеркәсіптік кәсіпорны – автомобиль аккумуляторларын шығаратын «Қайнар АКБ» зауытына барды. Зауыт өнеркәсіп өндірісінің 33,6%-ын қамтамасыз ете отырып, Талдықорған қаласының экономикасында маңызды рөл атқарады. Өндірістік қуаты – жылына 3,6 млн дана, жұмыс істейтін қызметкерлер саны – 1 212 адам.

Премьер-Министрге кәсіпорында бұған дейін пайдаланылған аккумуляторларды экологиялық қауіпсіз түрде утилизациялау және батареяларды фракцияларға – металдандырылған қорғасын, паста, полипропиленге бөліп, қайта өңдеу технологияларын енгізу жөніндегі жобаны іске асыру туралы баяндалды. Бұл – құрамында қорғасын бар қосылыстардың қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілердің жұмысы мен оларды қолдаудың өңір мен ел экономикасы үшін маңызын атап өтті. Үкімет қазақстандық компанияларды қолдау, оның ішінде дайын өнімді ел ішінде және әлемдік нарықта өткізудегі кедергілерді жою жөнінде жүйелі шаралар қабылдауда. Өз кезегінде, компаниялардың өздері өнім сапасын жақсартуды және технологиялық процестерді жетілдіруді жоспарлы түрде көрсетуі тиіс.

Анықтама: Жалпы өңірде 554 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді, оларда 29,1 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Өңдеу секторының үлесі 75,8%-ды құрайды. 2022-2023 жылдар аралығында жалпы құны 62,4 млрд теңгені құрайтын 43 салалық нысан пайдалануға берілді. Биыл тағы 16 жобаны, оның ішінде Сарқан ауданындағы ГЭС салу бойынша Baskan Power, Талдықорғанда аккумулятор батареяларын өндіретін Asma Industrial және басқа да жобаларды іске қосу жоспарланған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Аталған жобаны қаржыландыруға қатысты еш мәселе жоқ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Астанада Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша соңғы талқылаулар басталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.