Компанияның баспасөз қызметі атап өткендей, республикалық трассаның бұл учаскесі тек жүк көлігі үшін ғана ақылы болады. Ал жеңіл автокөліктер тегін жүре береді.
Келісімшартқа сәйкес жобаның аяқталу мерзімі – 2024 жылғы желтоқсан. Қазіргі уақытта жол төсемінің реконструкциясы аяқталды. Мердігер болып саналатын халықаралық қытайлық компаниялардың біріне ауа райына байланысты емес жұмыстарды орындау ғана қалды: қоршау, жарықтандыру тіректерін орнату, қалпына келтіру, шулы жолақтар салу және т.б.
“ҚазАвтоЖолдың” Жетісу филиалы директорының орынбасары Жасұлан Қалтаевтың айтуынша, Көлік министрлігі жол учаскелерінің бірі ақылы болатыны туралы құжатқа нысанды қабылдағаннан кейін – яғни, 2025 жылы қол қоятын болады.
