«Мақсатым – хоббиімді кәсіпке айналдыру»: елорда тұрғыны «JOLTAP» жобасының ерекшелігі туралы айтты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Мақсатым – хоббиімді кәсіпке айналдыру»: елорда тұрғыны «JOLTAP» жобасының ерекшелігі туралы айтты

26.08.2024
0
«Мақсатым – хоббиімді кәсіпке айналдыру»: елорда тұрғыны «JOLTAP» жобасының ерекшелігі туралы айтты

Өткен жылы бастау алып, бүгінге дейін жүзеге асып жатқан «JOLTAP» әлеуметтік жобасы – мүмкіндік іздеген астаналықтарға үлкен қолдау. Елорданың түкпір-түкпірінде орналасқан «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктерінде қала тұрғындары 52 мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес ала алып, жұмысқа орналасудың жолын табуда. Сондай-ақ 12 мамандық бойынша қысқа мерзімді оқуға жазылып, жаңа кәсіпті игеруге мүмкіндік алып отыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қысқа мерзімді оқудан өткендердің бірі – Мәдина Мұратқызы. Өзінің мамандығы бағдарламашы болса да, осы жоба арқылы бариста кәсібін меңгеруге қызығушылық танытты.

«Мен осындай ұтымды жоба арқылы бариста кәсібінің қыр-сырын үйренуді мақсат тұттым. Бұл мамандыққа көптен қызығушылығым артып жүрген еді. Өйткені қазір көптеген замандастарымыз шайдан гөрі кофені көбірек ішеді. Бұл – белсенді қызмет ететін, креативті идеялармен жұмыс істейтін жастардың таңдауы. Сол себепті кофейнялардың саудасы қызып тұр. Көптеген сарапшылар да аталған кәсіптің жақсы табыс әкелетін айтуда. Мақсатым – хоббиімді кәсіпке айналдыру», – дейді жоба қатысушысы.

Ол сондай-ақ, жобаның жұмыссыз тұрғындардың үйде отырып қалмай, қоғаммен араласып, әрі қарай жұмысқа орналасып кетуіне көмегі бар екенін айтты. Бұған қоса оқытушылардың курсты оқу мен тәжірибені ұштастырып, қызықты өткізетіндеріне дән риза.

Жобаның серіктестері сауда, құрылыс, қоғамдық тамақтану, көлік, өндіріс және қызмет көрсету салаларының көшбасшылары болып саналады.

Жұмысшы мамандықтары бойынша оқыту бағдарламасы стандарттар мен бизнес қажеттіліктеріне негізделгендіктен, түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғарылайды.

Жобаның серіктестері бос жұмыс орындарын «JUMYS TAP» Telegram-ботында және «JOBS JOLTAP» Telegram-арнасында белсенді түрде ілгерілетуде.

Осылайша бизнес пен халық арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа қол жеткізілуде. Жоба арқылы кәсіпорындар кадрлардың үздіксіз ағынымен қамтамасыз етілсе, халық өз кірістерін арттырудың жаңа мүмкіндіктеріне ие болмақ.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

“Таза Қазақстан”: Астанада ауқымды экологиялық бағдарлама жалғасып жатыр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бұзақылық жасағаны үшін кинотеатр келушілері сотталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.