Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Бұзақылық жасағаны үшін кинотеатр келушілері сотталды


Екі кінәлі тұлға, кинотеатрда бола тұра, қоғамға деген
құрметсіздік танытып, өтуге арналмаған кинозалдың орындығынан
аттап өтіп, сол жерде отырған келушілерді жанап өткендіктен, олармен
ескерту жасалған.
Өз кезегінде, екі бұзақы қоғамдық тәртіпті бұза отырып, ескерту
жасаған кинотеатрдың екі келушілеріне көптеген соққылар жасаған.
Сараптама қорытындысына сәйкес жәбірленушілердің
денсаулығына жеңіл зиян келтірілген.
Сот үкімімен кінәлі тұлғалар адамдар тобымен жасаған
бұзақылық үшін әрқайсысы 2 жылға бас бостандығын шектеуге
сотталып, пробациялық бақылау белгіленді және жыл сайын 100 сағат
мәжбүрлі еңбекке тартылды.
Олардан әрбір жәбірленушінің пайдасына 2 млн теңге
шамасында материалдық және моральдық залал өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды қоғамдық тәртіпті
сақтауға, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік танытуға, олардың алдын
алуға және осындай фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу
хабарлауға шақырады.
Астана қаласының прокуратурасы

Ұқсас жаңалықтар

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды іске асырылуда

admin_altyalash

Асық спорты халықаралық федерациясының тұсаукесері болады.

admin_altyalash

Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты

admin_altyalash